Павлодар облысындағы «Менің елім» Бағдарламасы: нәтижесі бар!

21/08/2017

2016 жылы «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар Бағдарламасы Павлодар облысында іске қосылды. Өткен уақыт ішінде облыста бір қатар әлеуметтік жобалар іске асырылды, олардың басты мақсаты болып – өңірдегі өмір сапасының деңгейін асыру.

Бірінші іс болып бағдарламаның «визит картасына» арналған – ойын және спорт алаңдары орнатылды. Олардың орнатуы тек қалаларда ғана емес, кішігірім елді мекендерде де орнатылады.  2016 жылы Павлодар және Ақсу қалаларында және Ленин мен Кенжекол ауылдарында 9 алан орнатылды.  Ауылда балалар үшін жаңа хоккей алаңы орнатылды.

Бүгінгі таңда облыстағы алаңдар саны кеңейе түсті. Ағымдағы жыл бойынша Екібастұз қаласында және Солнечный, Шідерті маңындағы кенттерде 8 ойын және спорт алаңдары қойылды.    

Облыс тұрғындары айтқанындай, алаңдар балалар мен ересектер арасында өте танымал болып саналады.

«Халық бұл жерде таңертеннер бері жиналады. Балалар көрші аулалардан келеді. Міндетті түрде біз алаңдары бақылап, халықтан оларды ұқыпты ұстауға сұраймыз» - деп Павлодар қаласының «Жақсылық» ПИК төрағасы Балшәкір Мұқанова бөлісті.

Бағдарлама аясында жалпы орта және арнайы білім беретін мектептердің жабдықтандыру сұрақтарға көп назар бөлінеді.

Бүгінгі таңда, «Биіктерге бірге!» байқауы бойынша облыстағы 70 жалпы орта білім мектептері арнайы автрислық спорттық құралдарымен жабдықталған. Он мектеп үлкен жиынтық алып, 60 – орта жиынтық алды.  

Балаларды қорғау күніне арналған балалар мен жастар музыкалық оркестрлер мен ансамбілдер шеруі өткізілді. Палодар қаласындағы шеру өте ерекше болып табылды: 4 000-нан астам оқушылар, мыңдаған музыкалық 

аспаптар, және де мыңдаған көрермен қатысты. Осымен қатар, шеру қарсаңында Павлодар облысының Әкімшілігінің қолдауымен Қор облыстағы музыкалық меуктептерге арналған қымбат сыйлық жасады. Жалпы сомасы 50 млн тенгеге тең 6 өнер мектебі мен 9 музыкалық мектептері музыкалық аспаптарға ие болды. 

Спорт саласына да көмек беріледі. 3 Федерацияның дамуына қолдау көрсетілді:  «Ертіс-Павлодар» Спорт Клубы» ҚҚ,  «Павлодар өңірінің Бокс Федерациясы» ҚҚ, «Ертіс» Баскетбол Клубы» ҚҚ.

«Менің елім» Бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі болып – жергілікті кәсіпкерлікті қолдау болып табылады. Сол мақсатқа жету үшін, облыс бойынша ҮЕҰ арасында кіші гранттар конкурсы жарияланды. 88 сайысқа қатысқан өтінімнің арасынан 6 жоба таңдалды, олар 500 мыннан 2 миллион теңгеге дейін қаржыландыру алды.  

Сонымен қатар, аталған әлеуметтік жобалардың іске асырылуына бөлінген соманың көлемі шамамен 2 млрд теңгені құрайды. 

«Біздің қағидамыз – балық бермей, балық аулауды үйрету. Ақшаны беріп қою ең жеңіл іс болып табылады. Болашақта ҮЕҰ бағытын қайырымдылықтан әлеуметтік-кәсіпкерлікке ауыстырамыз, сонда олар бюджеттерін 30% - донорлардан алса, 70% өз қызметтерімен толтыра алады. Біз жобаны қолдап грант бергенде сол жобаның тұрақтылығына және демеушілік көмексіз өмір сүру мүмкіндігіне назар аударамыз» - деп «Samruk-Kazyna Trust» Қорының ресми өкілі Лима Диас ескертті.

«Менің елім» Бағдарламасы бірте-бірте «Самрұқ-Қазына» АҚ компаниялар тобы орналасқан барлық өңірлерінде іске асырылып келе жатыр.  

 

Comments are closed.