Астана қаласы стенд атудан екі халықаралық чемпионатын қабылдады

06/08/2017

4 тамыз күні Астанада 5 STAND GLOBAL Чемпионаты, Ехро-2017 Гран-при және стенд атудан 7-ші Азия Чемпионатының салтанатты ашылуы рәсімі өтті.

4 тамыз күні «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Астанада «TARGET» атқыштар клубының аумағында  5 STAND GLOBAL Чемпионаты, Ехро-2017 Гран-при және стенд атудан 7-ші Азия Чемпионатының  салтанатты ашылуы рәсімі өтті.

Стенд атудан 7-ші Азия Чемпионаты Астана қаласында 4-ші және 13-ші тамыз аралығында  «TARGET» атқыштар клубының аумағында өткізіледі. Қатысушылар скит, трап, микс-трап, дубль-трап және сынама микс-скит түрі атты классикалық олипмпиадалық спорт түрлері бойынша жарысады. Чемпионатта 30-дан астам әлем елдерден келген мергендер қатысады.

Ағымдағы жылдың төрешілер құрамы 10 түрлі мемлекеттен келген төрешілерді құрайды. Сонымен қатар, іс-шарада Азия атқыштар конфедерациясының Президенті Шейх Али бин Абдулла Аль-Халифа қатысады.

4-ші тамызда басталатын 5 STAND GLOBAL –бірінші халықаралық деңгейдегі турнир, оның идеясын және хаттамасын Қазақстан спорттық ату федерациясы жасап шығарды. Бүл іс-шара бірінші рет «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі, «TARGET» атқыштар клубы ұйымдастыру комитетінің бастамасы бойынша іске асырылды. Жарысқа адрагерлер мен жасөспірімдер қатысады.  Жеңімпаздарды танымалдылықпен бірге 315 мың долларлық сыйақы күтеді. 

Ақшалай сыйлық жарыстың соңғы күні ең мықты деген (турнир қорытындысы бойынша) 6 ер адам және 6 әйелден болатын 12 атқыш арасында ойнатылады. Чемпионат 4 күнге созылады, 8 тамыз күні «ЭКСПО-2017» гран-при ойнатылады. Олар 200 нысанды атып түсіруі тиіс, өйткені жүлде көлемі соған сай. Айта кетейік, турнирге 54 елдің 1000 астам спортшылары қатысуда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 5 Stand Global жыл сайынғы чемпионатқа айналмақ.

Чемпионаттың салтанатты ашылуына қонақтар мен қатысушыларды қошеметтеуге ҚР Мәдениет және спорт министрі, ҚР стендтік ату Федерациясының президенті Арыстанбек Мұхамедиұлы, «Самұрық – Қазына» басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев пен Азиялық атқыштар конфедерациясының (ASC) басшысы шейх Али бин Абдулла Аль-Халифа қатысты.

 «Осы чемпионатты Қазақстан екінші рет қарсы алып жатыр. Азиялық атқыштар конфедерациясының сенімі, мәртебелі меймандардың, ханшайым отбасылардың қатысуы чемпионаттың  жоғары мәртебесіне дәлел», деді Ө. Шөкеев.

Іс-шараның бейресми бөлігінде «ХАН ТЕНГРИ» аспаптар ансамблі және «FAMILY BAND» тобы қатысты. Кеш қонақтар мен спортшыларға арналған мерекелік отшашумен аяқталды.

Comments are closed.