Маңғыстау облысының жас кәсіпкерлері бизнес оқу курстарын өтті

30/07/2017

28 шілде күні Шетпе ауылдың аудандық білім беру бөлімінде «ӘREKET» әлеуметтік кәсіпкерлік дамыту» білім беру курсының аяқтау рәсімі өткізілді. Оқу курсы Маңғыстау облысының Шетпе ауылдағы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін өткізілген.

Оқу курсы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының «Менің Елім» әлуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында өткізілді. Курстың ішіне 2017 жылдың 24 және 28 шілде аралығында өткен семинарлар кірді.

Оқыту бағдарламасы көп практикалық жаттығулар,  ойындар мен күнделікті үй тапсырмаларымен толы болды. Жаттықтырушы ретінде гранттық жобаларын ("Даму" Қоры, "ОА Еуразия" Қоры) және корпоративтік тренингтер мен консалтинг жобаларды жүзеге асырудың үлкен тәжірибесі бар бизнес-тренер, консультант Ақсауле Джандарбекова болды. 

Жобаның басты мақсаты - ауылдық жерлердегі әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту. Жоба жас облыстағы халықтың және әйел кәсіпкерлікті дамытуды көздейді.

Бірінші кезеңде жобаға 21 адам қатысты, олардың ішінде – 16 әйел және 5 – жас кәсіпкерлер.

Алынған білім мен дағдылар курстың қатысушыларына  кәсіпкерлік әлеуетін жандандыру үшін, жана жұмыс орындарын ашылуы үшін мүмкіндік береді. 

Comments are closed.