4 314 км шаттық, достық және таным!

11/07/2017

10 күнде жасөспірімдер мінген «Туған елге саяхат» балалар пойызы кең байтақ еліміздің солтүстігінен оңтүтстігіне дейін және кері қарай 4 314 шақырым жол жүріп өтті.

Шілденің басында 12-15 жас аралығындағы 200 оқушы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы 2016 жылы бастаған бірегей жобаға қатысты. Бүгін, 2017 жылы 11 шілдеде жобаның бірінші кзеңі аяқталды.

Қандай жеткіншек алысқа саяхаттауды армандамайды дейсіз? Қоршаған ортаны жан-жақты тануға ұмтылу, жаңа сезімдер мен жаңалықтарға деген құштарлық осы жаста айқын көрінеді. «Туған елге саяхат» жобасының арқасында қазақстандық 200 оқушының арманы жүзеге асты және олар Қазақстанның ең көрікті жерлері мен тарихи орындарын тамашалап келді.

 «Біздің жоба балалардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, өз еліне деген махаббаты мен құрметін арттыруға бағытталған. Жоба әрбір қатысушының өміріндегі ең жарқын сәттердің бірі болатынына және жетістіктерге жетуге, сондай-ақ өзін өзі жетілдіруіне тамаша түрткі болатынына сенімдіміз», - деп «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры Лима Диас өз ойымен бөлісті.

Жобаның 150 қатысушысы «Самұрық-Қазына» АҚ тобының өндірістік жұмысшыларының балалары. Іріктеу кезінде шалғайдағы елді мекендердің балаларына, көпбалалы, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған немесе толық емес отбасылардың балаларына және үлгерімі жақсы балаларға басымдық берілді. Қалған 50 орынға «Ғаламшарымызды қалай сақтаймыз» тақырыбына үздік шығарма жазу байқауы жарияланып, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі балалар байқауға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Өтініштерді қабылдау аяқталатын күнге – 14 маусымға – 128 бала шығарма жіберді.  

2 шілдеде 9 вагоннан тұратын құрам Астана – Екібастұз – Алматы – Байқоңыр – Астана бағыты бойынша жолға шықты, құрамның 7 вагоны – ұйықтауға арналған болса, 2-еуі  мейрамхана-вагоны. Пойыз вагондарында тәлімгерлер мен аниматорлардың жетекшілігіндегі 200 бала жайлы орналасты.

Саяхат бағдарламасы әртүрлі және өте қызықты болды. Ұйымдастырушылар, яғни «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік жобалар қорымен бірлесе отырып, бағдарламаны жасау барысында ең көрікті жерлерді ескеруге тырысты, ал пойыз сол жерлерге тоқтады. Мысалы, экскурсия Астанада Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінен басталды.

Екібастұзда балалар Екібастұздық ГРЭС-1 және ГРЭС-2 станцияларын, сонымен қатар «Қайнар» білім беру-демалыс орталығының мәдени бағдарламасын тамашалады.

Алматыда олар Горький саябағына барып, аквапаркке кірді, Медеу мұзайдынын көріп, фуникулермен Шымбұлақ шыңдарына шықты. Іле Алатауының ғажап табиғаты мен Алматының қонақжайлылығы балалардың санасында тамаша із қалдырды.

Саяхаттың ең қызық бөлігі Байқоңырда болды – мұнда балалар ғарыш қалашығы мен «Байқоңыр» ғарыш айлағының музейін көрді. Көптеген жас саяхатшы ғарыш кеңістігі туралы өз армандарына бір табан жақындай түсті. 

Бағдарлама қалаларда ғана емес, сонымен қатар жол үстінде де өте қызық болды,  балалар уақытының көңілді өтуіне вагондар да таршылық жасамады.

Естелікке арналған жүлдесі қойылған байқаулар тұрақты түрде өткізіліп отырды, сонымен қатар балалардың қызығушылығына қарай үйірмелер ұйымдастырылды, балалар домбыра ойнауды үйреніп, шахмат ойнап, сурет салып, ағылшын тілін үйренді.  

Мәулен Базартай  (13 жас) Семей қаласынан, мұндай саяхатқа алғаш рет шығып отыр: «Шығармамды жіберген кезде, мен жеңетініме сенімді болдым және үлкен үміт арттым. Байқаудан өтіп, осы ғажайып пойызға отырғаныма қуаныштымын. Мен Астананы көруді армандайтынмын. Енді ол арманым орындалды. Бәрінен ұнағаны, әрине ЭКСПО болды: Қазақстанды аралаймыз деп шығып, бүкіл әлемді көрдік! Біз көптеген балалармен араласып, шынайы дос болып кеттік және енді бір-бірімізді сағынатын боламыз. Бізбен бірге болған тәлімгерлер мен үлкендерге мың алғыс!». 

Жобаның келесі кезеңі 2-12 тамыз аралығында өтеді. 200 қатысушы «Туған елге саяхат» туристік пойызымен жолға шығады, енді олардың бағыты – Астана – Ақтау – Түркістан – Алматы – Астана болмақ.

Анықтама:

«Туған елге саяхат» балалар туристік пойызы жобасы «Самұрық-Қазына»  АҚ  компаниялар тобы 2016 жылы бастаған, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Бағдарлама мақсаты – аймақтардағы өмір сапасын көтеру, тұрғындардың сапалы қалалық өмірге, білімге, медицинаға және мәдени нысандарға қолжеткізу мүмкіндігін кеңейту.

2016 жылы 12 жастан 15 жасқа дейінгі 120 бала Қазақстан аралауға аттанды. Олардың ішінде 90 бала – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы жұмысшыларының балалары, ал қалған 30 бала «Жұлдыз FM» Радио байқауының нәтижесі бойынша іріктелді. 

Comments are closed.