Қазақстанда қант диабетінен шалдыққан адамдардың саны 300 000 – ға жақын.

Әрбір 6 секунд бойынша әлемде қант диабетінен бір адам көз жұмады. Қазақстанда қант диабетінен шалдыққан адамдардың саны 293 171 адам, олардың ішінде 2 119 – 14 жасқа дейінгі балалар, 717 – 15 – 17 жастың аралығындағы балалар.

Бұл статистика деректерді бүгін «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен Қазақстан Республикасының диабеттік ассоциациясы бірлесе өтырып өткізілген «Қазақстандағы қант диабеті туралы» атты баспасөз конференциясында жариялады.

2017 жылдың 14-ші шілде айында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Конституция конференц-залында (Астана қ., Достық к-сі 11) «Қазақстандағы қант диабеті туралы» атты баспасөз конференция өтті. 

Баспасөз конференциясына Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы ММ балалар арасындағы бас эндокринолог Гүлмира Абдуахасова, эндокринолог дәрігері Жаннат Таубалдиева, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Лима Диас және «EXPO&WOMEN» ЖҰ» ЗТБ атқарушы директоры, «ExpoCamp» жобаның координаторы Лязят Аскарова қатысты.

«II-ші типтегі диабеті қазір қатты жасарып келеді. Мысалы,  15-20 жыл бұрын бізде осындай диагноз қойылған балаларымыз болыуна ойлаған жоқпыз,  ал қазіргі таңда, тіпті екі жасарлық балада осындай диагнозы бар», - деді Жаннат Таубалдиева.

Оның айтуынша, II-ші типтегі диабеттің  басты себептері - аз қозғалатын өмір салтымыз және майлы мен тәтті тағамдардың көптігі.

Бала эндокринологы Гүлмира Абдуахасова балалар аурушаңдығы статистикамен хабарлады. «Астана қаласы бойынша бізде диабет ауырынан шалдыққан балалар саны 203 бала болып табылады, олардың ішінде – 168 – 15 жасқа дейінгі балалар.

Барлық балалар тегін емдеу алып, бүгінгі таңда өздерінің қолында инсулин-қаламдарымен немесе инсулин помпаларымен шаншу алады», - деп Гүлмира Абдуахасова растады.

Маманның айтуынша, ата-аналардың назар аударатын бірінші белгілері -  жиі несептің бөлінуі және энурез. Қант диабетін талдауы өте қарапайым: тек қана аш қарынға қан тапсыру. Талдау нәтижесі қазірдің өзінде қант диабетті диагностикалауға мүмкіндік береді. Ал қант диабеті бар балалар үшін Астана қалалық №2 емхана базасында Диабет мектебі бар.

Сонымен қатар, баспасөз-конференциясының спикерлері қант диабетінен шалдыққан балаларға арналған алдағы қолдау іс-шарамен таныстырды.

«Ағымдағы жылдың 17-ші шілде айында 50 қант диабетінен шалдыққан бала 5 күнге ExpoCamp жаңа балалар лагеріне барады. Лагерінің барысында балаларды ойын-сауық бағдарлама күтеді, сонымен қатар балалар «EXPO-2017» Халықаралық көрмесіне саяхаттанады. Біз, осындай диагнозы бар балалардың саяхаты соңғы еместігіне үміттенеміз», - деп жоба координаторы Лязят Асқарова атап өтті.

Бұдан бұрын балалар лагеріне бару мүмкіндігі қант диабеті диагнозы бар теқ қана үш балада болды, ол саяхат «Балдаурен» лагеріне болған. Осындай жастар лагеріне баратын аурудан шалдыққан 50 бала  үшін – ата-аналарға да, балалардың өзіне де үлкен жестістік.

Қант диабеттін мәселелерін шешуге «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолдау етеді. 

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Лима Диас айтқанындай: «Бүгінгі таңда қант диабеті мәселесі өте ауқымды болып табылатынына жасыратыны жоқ. Біз, өз тарапымыздан  диабеттен шалдыққан адамдарға қолдау көрсетуге арналған ақпараттық науқанды іске қосып, қоғамның диабет туралы жеткіліксіз хабардар болуының мәселесін шешуге тырысамыз. Бүгінгі баспасөз конференция – біздің ақпартаттық науқанымыздың бірінші қадамы».

Анықтамалық ақпарат:

2017 жылынан бастап ашылған «EXPO-Camp» жастар шатырлы лагері Ақмола облысының Арнасай ауылдында (Астана қаласынан 35 км.) орналасқан. Табиғат аясындағы шатырлы қалашық әр апта сайын 200 адамнан бастап барлығы 2,5 мыңға жуық мейман күтуді жоспарлап отыр.

Лагерьге келушілер үшін инновациялық-қосарлы қағидаларға негізделген бос уақыт өткізудің қызықты бағдарламалары ұйымдастырылған:жасыл экономика негіздерін және жүзеге асқан демонстрациялық технологиялар 

мысалында қоршаған ортаны қорғауды үйретуге арналған оқытулар мен таза ауадағы демалыс. Сонымен қатар лагерьге келушілер үшін ауылды және қалалық жерлердегі жұмысбастылық және басқа да әлеуметтік мәселелерді шешуге жа,дай жасайтын инновациялық идеялар алмасу, өздерінің «жасыл» жобаларын таныстыруға мүмкіндік беру мақсатында тренингтер мен ойындар ұйымдастырылады.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметті жобаларды дамуты қоры 2016 жылдың қаңтар айында «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация қорытындыларымен құрылған. Қорының алғашқы жұмыс жылдың әсері елеулі нәтижелерді көрсетті. Компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы бола отырып, бір жылдың ішінде Қор 89 әлеуметтік жобаларды  жүзеге асырды, 200 000 астам бенефициарлар көмек алды. Қордың бенефициарлары -  халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары, Ұлы Отан соғысының Адрагерлері,  мүмкіндіктері шектеулі адамдар, күрделі диагноздары бар балалар, белсенді жастар, спорттық қауымдастық, балалал үйлерінің тәрбиеленушілері, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым.

Пікір үстеу