ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Алматы қаласында жаңа cпорттық гимнастика залы ашылды

25/06/2017

23 маусым күні Алматы қ. Қазақстандық гимнастика Федерациясы жаттығу үшін арналған жаңа залы ашылды. Жаңа залдың ашылуы және заманауи құрал-жабдықтарды алу «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамуты Қорының қолдауымен мүмкін болды.

Жаңа заманауи жабдықталанған залының ресми салтанатты ашылуы рәсімінде Федерацияның бас хатшысы Айгүл Дүкенбаева, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының ресми өкілі Лима Диас, Федерацияның бапкерлер құрамы, жас спортшылар, спорттық гимнастика бойынша Қазақстан құрама командасының өкілдері және курстарға тегін қатысантын аз қамтылған отбасылардың балалары қатысты.

А. Дүкенбаева айтқанындай, заманауи жабдықталанған зал Олимпиада ойындарына, спорттық гимнастикадан ірі халықаралық жарыстарға арналған жалпы құраманы және жақын резервті дайындау үшін арналған. Жаңа құралдар ерлер және әйелдер үшін құралдарға бөлінеді. 

Әр-түрлі қырлы бөренелер мен перекладиналар, арнайы гимнастикалық 

кілемдер, гимнастикалық көпірлер, өлшеуіш таспалар – барлығы федерация залы үшін жабдықтардың тізбесіне 25 құралдардың түрі кіреді.

«Бүгінгі таңда спорттық гимнастика әлемдегі спорт түрлерінің ең танымалдың бірі болып табылады. Көптеген ұлттық құрамалар барлық әлем чемпионаттардың және халықаралық жарыстардың медальдері үшін таласуда. Сондықтан, жаңа заманауи құралдармен жабдықталған залдарында жаттығу – біз үшін ең маңызды сұрақ», - спорттық гимнастика бойынша ерлер құрамасының бас бапкері Александр Ким деді.

Жаңа құралдарымен жабдықталанған залы келесі мекен-жайы бойынша ашылды: Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 108, Олимпиада чемпионы Нелли Кимның гимнастика академиясы. 

Добавить комментарий