Павлодар облысының 7 түзету мектебі жаңа құралдармен жабдықталды

21/06/2017

Павлодар облысының 7 түзету мектептері «Менің Елім» Бағдарламасы аясында заманауи құрал-жабдықтарды алды. Түзету мектептердің оқушылары – нашар көретін, нашар еститін балалар, сондай-ақ интеллектуалдық дамуында күрделіктері бар балалар.

Түзету жабдықтарының ресми тапсыру салтанаты Павлодар облысының №4 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернатында өткізілді. Жеті арнайы білім беретін мектептерде жалпы 800-ден астан ерекше қажеттіліктері бар балалар оқытылады.

Іс-шарада Павлодар облысының Білім басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Дауенов, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының атқарушы директоры – ресми өкілі Лима Диас, «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымдардың өкілдері («Қазпошта» АҚ, «КазТрансОйл» АҚ, «Қазмұнайгаз ҰК» АҚ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС) қатысты. Павлодар облысының 7 арнайы мектептердің директорлары мен мамандары сертификаттар және алғыс хаттармен марапатталды. Мектептер Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында және Қачир ауыданында орналасқан. Барлығы облыс бойынша арнайы мектептер 229 дана түзету жабдықтарды алды. Түзету кабинеттердің арнайы жабдықтар тізбесіне сенсорлық бөлім, жұмсақ бөлім, логопедтік тренажерлар, оқу 

материалдары,  массаж жасауға арналған зондтар және тағы басқалары кіреді. Сонымен, Қордың қоладауымен Павлодар облысының №4 мектеп-интернатының 4 кабинеті жабдықталды, олардың ішінде – сенсорлық және жұмсақ бөлім, дефектолог және логопед кабинеттері.

Естеріңізге сала кетсек, бұрын «Менің Елім» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысының 4 арнайы түзету мектептері арнайы құралдармен жабдықталанған.  

Айта кетейік, «Менің Елім» бағдарламасы аясында Павлодар облысында жалпы 2 млрд. теңгені құрайтын әлеуметтік жоба іске асырылды. Олардың ішінде - ойын және спорттық алаңдарды орналастыру, облыстық спорттық клубтарын қолдау, облыстың ҮЕҰ арналған шағын гранттар байқауын өткізу және облыстағы орта білім, арнайы білім беретін, түзету және музыка мектептерін арнайы құралдарымен жабдықтандыру.

Comments are closed.