Маңғыстау облысының түзету мектептері арнайы құралдармен жабдықталды

18/06/2017

Ағымдағы жылдың 15 – 17 маусым айының кезеніңде Маңғыстау облысының 4 арнайы білім беру мектетері заманауи құралдармен жабдықталды.

Олардың ішінде:

2017 ж. 15-ші маусым, сағат 14:00-де – «Жаңаөзен арнайы жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйым» КММ жабдықтандыру.

2017 ж. 16-шы маусым, сағат 10:00-де – «№3 арнайы жалпы білім беру мектебі» КММ жабдықтандыру.

2017 ж. 16-шы маусым, сағат 15:00-де – «№2 арнайы жалпы білім беру мектебі» КММ жабдықтандыру.

2017 ж. 17-ші маусым, сағат 10:00-де – «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне түзету жабдықтарының ресми тапсыру салтанаты және түзету кабинеттерінің мамандарымен ашық сабағын өткізу.  

Іс-шараға Маңғыстау облысының арнайы мектептердің түзету кабинеттерінің директорлары және мұғалімдері, жергілікті басқару органдарының өкілдері, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының атқарушы директоры – ресми өкілі Лима Диас, 

«Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымдардың өкілдері («ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «КазТрансОйл» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ) қатысуымен өтті. 

Түзету кабинеттердің арнайы жабдықтар тізбесіне сенсорлық бөлім, жұмсақ бөлім, логопедтік тренажерлар,  оқу материалдары,  массаж жасауға арналған зондтар және тағы басқалары кіреді.

Мектептерді арнайы құралдармен жабдықтандыру іс шарасы «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында өткізіліп жатыр. «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы 2016 жылдың соңында басталған. Оның мақсаты – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бар өңірледегі өмір сүру сапасын жақсартуды көздейтін жобаларды іске асыру. «Менің елім» бағдарламасын, оның үйлестірушісі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырып отыр. Маңғыстау облысында бағдарлама 2017 жылдан бойы атқарылып жатыр.  Еске ала кетсек, 2017 жылдың мамыр айында «Менің елім» бағдарламасы аясында мектептер арнайы спортық құралдармен жабдықтанды. «Биіктерге бірге!» атты үздік   спорттық жобасы байқауы бойынша 50 мектеп іріктеліп алынды. Жалпы байқауға деген өтінімдердің саны 80-не асады. 

Анықтамалық ақпарат: «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы 2016 жылдың соңында басталған. Оның мақсаты – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бар өңірледегі өмір сүру сапасын жақсартуды көздейтін жобаларды іске асыру. «Менің елім» бағдарламасын, оның үйлестірушісі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырып отыр.

2010 – 2015 жылдарының ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ қызметінің арқасында 400 000 адамға қайырымдылық көмек көрсетілді. Қордың 

бенефициарлары -  халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары, Ұлы Отан соғысының Адрагерлері,  мүмкіндіктері шектеулі адамдар, күрделі диагноздары бар балалар, белсенді жастар, спорттық қауымдастық, балалал үйлерінің тәрбиеленушілері, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым.

Маңғыстау облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының еншілес кәсіпорындары: «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «НК «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ.

Comments are closed.