Бизнес ретіндегі корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі
14/06/2017
2017 жылдың 17-ші маусымда «KAZENERGY» Қауымдастығының ұйымдастыруымен, БҰҰ ЕЭК 8-ші Халықаралық Форумның Министрлік конференциясының шеңберінде, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының «Энергетикалық корпорацияларының тұрақты дамуы және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі» атты сессиясы өткізілді.
Мұнай-газ корпорацияларының әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі сессия Министрлік конференциясының қорытындысында болды. Сессияға Орталық Азия бойынша БҰҰ еріктілер Бағдарламасының үйлестіруші Дмитрий Фрищин, «Жасыл эконономика» және G-Global дамуының Коалициясы» ЗТБ Басқарма төрағасы Салтанат Рахымбекова, «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау Офисінің басшысы Марат Қалменов, Қазақстандағы AES компаниялар Тобының мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі директоры Дәулет Ахметов, «Shell Kazakhstan» үкіметтік органдарымен өзара іс-қимылы және сыртқы байланыстары департаментінің директоры Зарина Бакенова, «KazMedia орталығы басқарушы компаниясы» ЖШС бас директордың стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Ерлік Қаражан, «Тенгизшевройл» ЖШС үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің Бас менеджері Рзабек Артығалиев, және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі қатысты. Сессияның модераторы «Samruk-Kazyna Trust» Қорының басқарушы директоры – ресми өкілі Лима Диас болды.
Қазақстанның ірі компанияларының әлеуметтік жауапкершілік тәжірибесі туралы тыңдауға100-ден аса адам келді.
Сонымен, спикерлер әлеуметтік қызмет арқылы тәуекелдерді басқару деген сұрақтарға көп көңіл бөлді. Дмитрий Фрищин айтқанындай, әлемдік үрдістер көрсеткендей, компания қызметкерлерін волонтерлік қызметке қосу - корпоративтік рухты нығайту, кадрлардың тұрақтамауын азайту, жаңа байланыстар туындау үшін ең оңай әлеуметтік тәсілдерін бірі.
«Shell үшін корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік - негізгі бизнес принциптердің бірі болып табылады. Ерлік Қаражан айтқанындай, әлеуметтік-бағытталған қызмет компанияның тәуекелдерін басқаруға көмектеседі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бастауыш кезеңінде өндіруші саласында қоғаммен жанжалдың құны 10 мың долларды құрып, кеңейтілген барлау кезеніңде 50 мың долларға дейін құрайды» – деді Зарина Бакенова.
Диалогтық алаңының қатысушылары бір пікірге келді - қазақстандық компаниялардың корпоративтік донор идеясын ілгерілету және әлеуметтік жауапкершілігін дамыту үшін Қауымдастық жасау керек.
Спикерлердің презентациялырына сілтемелер:
Добавить комментарий