KAZENERGY Форумының Министрлік конференциясында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі мәселелерін талқылайды

07/06/2017

2017 жылдың 17-ші маусымда, сағат 16:00-де «Samruk-Kazyna Trust» ӘЖДҚ «Энергетикалық корпорацияларының тұрақты дамуы және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі» атты сессиясы өткізіледі.

2017 жылдың 14-ші маусымда, сағат 16:00-де KAZENERGY Қауымдастығының ұйымдастыруымен, БҰҰ ЕЭК 8-ші Халықаралық Форумның Министрлік конференциясының шеңберінде, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының «Энергетикалық корпорацияларының тұрақты дамуы және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі» атты сессиясы өткізіледі. 

Сессияға Орталық Азия бойынша БҰҰ еріктілер Бағдарламасының үйлестіруші Дмитрий Фрищин, «Жасыл эконономика» және G-Global дамуының Коалициясы» ЗТБ Басқарма төрағасы Салтанат Рахымбекова, «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау Офисінің басшысы Марат Қалменов, Қазақстандағы AES компаниялар Тобының мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі директоры Дәулет Ахметов,   «Shell Kazakhstan»  үкіметтік органдарымен өзара іс-қимылы және сыртқы байланыстары департаментінің директоры Зарина Бакенова, «KazMedia орталығы басқарушы компаниясы» ЖШС бас директордың стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Ерлік Қаражан, «Тенгизшевройл» ЖШС үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің Бас менеджері Рзабек Артығалиев, және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі қатысады. Сессияның модераторы «Samruk-Kazyna Trust» Қорының басқарушы директоры – ресми өкілі Лима Диас болады. 

Сессияда Қазақстандық бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің қағидаттарын іске асыру, үздік әлемдік практикалары, сондай-ақ, қазақстандық экономикаға корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясатының енгізу бойынша шараларды дайындау сұрақтары көтеріледі. Сонымен қатар, адам құқықтарын, еңбек қатынастарын,  қоршаған ортаны қолдау мәселелері бойынша бизнес пен азаматтық қоғамның күштерін біріктіру сұрақтары талқыланды.   

Толық бағдарламаның сілтемесі: http://energyministerial.kz/ru/programma/programma/

Тіркеу: үшін арнайы сілтеме : http://energyministerial.kz/register/  

Тіркеусіз Форумға қатысу мүмкін емес. Қосымша ақпарат келесі телефондар бойынша: 8(7172)57-6602, 24-80-14.

Қатысушы бейджін алу үшін міндетті түрде ҚР азаматының жеке куәлігі болу керек.

Пікір үстеу