Қазақстандық мүгедектігі бар кәсіпкерлер 28 жаңа жоба іске қосады

02/06/2017

Бүкіл Қазақстан бойынша мүгедектігі бар кәсіпкерлердің арасында 28 әлеуметтік гранттар сарапқа салынды. Байқау «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамуты қорының қолдауымен «Шарапат» жас мүгедектердің ұйымымен өткізіледі.

Байқау «Әлеуметтік гранттар» жобасының аясында жүзеге асырылды. Жоба

мүмкіндіктері шектеулі кәсіпкерлері үшін өтеусіз гранттарды ұсынады. Жалпы байқау бойынша 68 өтінім қабылданды, олардың ішінен 28-і іріктеп алынды. Нәтижесінде, 28 мүмкіндіктері шектеулі кәсіпкерлер өз істерін аша алады.

Олардың ішінде – Қазақстанның барлық өңірлер өкілдері. Ең көп жеңімпаздар санын Павлодар және Алматы қалалары жинады - әрбір қалада төрт жоба іске сырылады. Сонымен қатар, жеңімпаздардың қатарында Орал, Тараз, Семей, Алматы, Атырау, Ақтөбе және Петровавл қалаларының тұрғындары.

Кейбір жобалар тек қана облыстық орталықтарда ғана емес, шалғайдағы қалаларда іске қосылады, олардың ішінде – Алматы облысы Қаскелен қаласының балалар киімі өндіру цехын ашылуы, Маңғыстау облысы Тұрқарағай ауданының этно және ауылдық туризмді дамыту және т.б.

«Шарапат» жас мүгедектердің ұйымы» ҚБ өз қызметін 2009 жылда бастады. Қоғамдық бірлестік мүгедектігі бар адамдарыға тең құқықтарың қамтамасыз ету үшін жәрдем береді, мүгедектерге тегін кеңес және қоғамдық қызметін көрсетеді, тіпті мүгедектігі бар адамдар үшін танысу қызметін ұйымдастырады.

Comments are closed.