ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Астанада ҮЕҰ үшін тиімді PR-коммуникацияларды құру бойынша семинар өтті

31/05/2017

31 мамырда Астана қаласында «Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру барысында тиімді PR-коммуникацияларды құру» атты семинар өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы — «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры.

Семинарға Қазақстанның түрлі қалаларының ҮЕҰ, бизнес, және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Тыңдаушыларға өз кейстерін Red Point маркетингтік агенттігінің директоры Әсел Қожақова, жарнама және SMM-ілгерілету маманы, White Media маркетингтік агенттігінің директоры Ринат Балғабаев ұсынды. Семинардың модераторы «Samruk-Kazyna Trust» Қорының басқарушы директоры – ресми өкілі Лима Диас болады.

Сарапшылар үкіметтік емес секторының жұмыс ерекшелігі жағдайында заманауи PR-технологияларды қолдау туралы әңгімелеп, қойған сұрақтарға жауап берді. Әсел Қожақова ҮЕҰ үшін коммуникациялық стратегиясын құру туралы кейсін ұсынып, Ринат Балғабаев әлеуметтік желілердегі жобаларының жылжыту құралдары туралы талқылады. Жалпы семинар жұмысында 70 адам қатысты, олардың ішінде – «Samruk-Kazyna Trust» Қорының серіктестері ҮЕҰ өкілдері және бизнес пен мемлекеттік ұйымдарының өкілдері. 

Добавить комментарий