Мәжіліс «Samruk-Kazyna Trust» Қорының 2016 жылғы жұмыс қорытындыларын жоғары бағалады

23 мамыр айында Мәжілісте «Самұрық-Қазына» АҚ жұмыс қорытындыларының тындауы өтті. Оның ішінде «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының алғашқы жұмыс жылының қорытындылары талқыланды. Қорытындыларды тыңдау Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы Нұртай Сабильяновтың, Қаржы және бюджет комитетінің Төрайымы Гүлжан Қарақұсованың қатысуымен өтті.

«Самұрық-Қазына» АҚ Компаниялар тобы атынан Ө. Шөкеев сөз сөйледі. «Егер қаржылық нәтижелері туралы айтатын болсақ,  өткен жыл нәтижелі болды, стратегиялық көрсеткіштері өсті, 2016 жылдың қорытындылары бойынша акционердің үлесіне шоғырландырылған пайда 455 млрд теңгені құрады, бұл  2015 жылдың көрсеткішіне қарағанда 1,8 есе көп. Бұл кіріс базасын ұлғаюына және жүйелі шығындардың қысқартумен байланысты, EBITDA және EBITDA Margin сияқты көрсеткіштер  дағдарысқа дейінгі деңгейге оралды. Таза активтердің құны 6,8 трлн. теңгені құрады, жеке капиталдың  ұтымдылығы 5,5% - ға жетті» - деп Қордын Басқарма төрағасы Ө. Шөкеев хабарлады.

2016 жылдың қаңтар айында «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация қорытындыларымен құрылған «Samruk-Kazyna Trust» Қорының алғашқы жұмыс жылдың әсері елеулі нәтижелерді көрсетті. Компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы бола отырып, бір жылдың ішінде Қор 89 әлеуметтік жобаларды  жүзеге асырды, 200 000 астам бенефициарлар көмек алды.

«Қор толығымен атаулы көмектен әлеуметтік инвестициялар жағына компаниялар тобының қайырымдылық және демеушілік  қызметінің көзқарасты өзгерді. Егер бұрын, біз компаниялар тобының қайырымдылық қызметін іске асыру жүйелілікті болмауын байқасақ, қазір, Қор жергілікті жерлердегі мәселелерінің нүктелі шешімдерімен айналысады. Бүгін Қор қайырымдылық қызметінің әкімшілендіру және басқару жүйесін сапалы өзгерістердің алғашқы нәтижелерін көрсетеді» - деп «Самұрық-Қазына» АҚ омбудсмені Н. Ерімбетов атап өтті.

Одан басқа атап өткені – Қордың бастамасымен іске қосылған «Менің Елім» ұзақ мерзімді әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы қазірдің өзінде жоғары нәтижелерді көрсетіп жатыр. Бағдарлама бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бар өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту жүргізіледі. 

Пікір үстеу