ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Қазақстандық каратэ киокушинкай-кан құрамасы Францияда күміс және қола медальдарды ұтып алды

22/05/2017

2017 жылғы 21 мамыр айында Францияның Лион қаласында киокушинкай-кан каратэ бойынша Еуропа Біріншілігі мен Чемпионаты (The 31th European Weight Category Karate Championship) аяқталды.

Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша Киокушинкай-кан каратэ Республикалық Ұлттық федерациясының командасы жалпы 3 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды.

Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша ККРҰФК жасөспірімдер арасында 2 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. 

Ерлер арасында 70 кг дейінгі салмақта Қазақстан Кубогының екі дүркін иегері, Атырау облысының спортшысы, жартылай финалда ресейлік Еуропа чемпионы Кирил Псаревті жеңіп шыққан, отандасымыз Андрей Котов татамиге шықты. Өкінішке орай, финалда басқа ресейлік спортшысы Алим Юнусов біздің жауынгерімізді жеңіп, күміс медалін ұтып алды. 

80 кг. дейінгі салмақта Ақмола облысының спортшысы Ерболат Қанапин қола медалінің иегері болып аттанды. Астаналық жауынгері Данияр Алимусинов 80 кг. дейінгі салмақта жеңіске бір қадам қалғанда қалып қойды.

Жүлдегерлер және жаттықтырушылар құрамын, сондай-ақ барлық қазақстандық спорт жанкүйерлерің құттықтаймыз!

Қазақстан құрамасының қатысуы "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларын дамыту Қордың қолдауымен мүмкін болды. 

Добавить комментарий