Астана қаласында «Движение Алаш» деректі жинағының және «Алашорда» фотоальбомының тұсаукесері өтті
18/05/2017
2017 жылдың 18 мамыр күні 15:00 ҚР-ның Ұлттық академиялық кітапханасында Алашорда үкіметі мен Алаш автономиясының 100 жылдығына орай «Ел-Шежіре» қоғамдық қоры шығарған ғалым-жазушы Тұрсын Жұртбайдың «Движение Алаш» атты үштомдық құжаттар жинағы мен Болат Мүрсәлімнің «Алашорда» фотоальбомының таныстырылымы өтті.«Біз осы жобаның бөлігінде болғанымызға мақтан тұтамыз. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры «Алаш» қозғалысының мақсат-мүдделерін толығынан қолдайды. Сондықтан, бұл жинақтардың шығаруына қуаныштымыз және жарияланған материалдар барлық тарихшылар, зерттеушілер, студенттер үшін өз пайдасын беріп, қызықты болғанына үміттенеміз», — дейді Лима Диас — «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының ресми өкілі.
Кездесудің қатысушылары атап өткендей, «Движение Алаш» басылымы мен «Алашорда» фотоальбомы алдағы уақытта ХХ ғасыр қазақ тарихының сенімді ақпараты болып пайдаланылуы мүмкін.
Жинақтар «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен «Ел-Шежіре» қоғамдық қорымен шығарылған. Іс-шарада қоғам қайраткерлер, отандық ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты олардың ішінде тарих ғылымдарының докторы, Стамбул қаласының Мимар Синан көркем университетінің профессоры Абдуахап Кара, журналист, «Алашорда» фотоальбомының құрастырушы Болат Мүрсәлім, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының ресми өкілі Лима Диас.
Кездесудің модераторы «Алашорда» үштомдық басылымының авторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Жұртбай болды. «Алаш» идеясы – мен үшін мәңгілік идея болып табылады. Ол әрқашан бізді тәрбиелеп, қазақ халқының құндылықтарын сақтады. Біз кітаптарды басып шығаруына "Самұрық-Қазына" Қорына және жеке Шөкеев Өмірзақ Естайұлына қолдау көрсеткендері үшін алғысымызды білдіреміз», - дейді Т. Жұртбай.
Т.Жұртбайдың «Движение Алаш» атты үштомдық жинағы архивтегі құпия құжаттар мен сот материалдары негізінде құрастырылған, еңбекті көп керек ететін деректі шығарылым. Көрнекті ғалым Тұрсын Жұртбайдың үштомдық басылым 1927-1932 және 1937-1938 жылдардағы "Алаш" партиясының және "Алашорда" үкіметінің қайраткерлері тергеу ісі мән-жайлар туралы Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің мұрағатты материалдардан негізделген.
Б. Мүрсәлімнің «Алашорда» фотоальбомы сирек суреттер негізінде құрастырылған, Алаш арыстарының өмірі мен қызметі фотодеректер арқылы көрсетілген үлкен кызығушылық танытатын жұмыс. «Движение Алаш» бысылымы мен "Алашорда" фотоальбомы оқырмандар арасынан, әсіресе мәдени элита және қоғамдастықтың рухани тарапынан улкен сұранысқа ие болатыны күтілуде.
Добавить комментарий