«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 11 сәуір жолға шығады

10/04/2017

Бұл жылы «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 11 сәуір Қарағанды қаласының станциясынан басталады. «Samruk-Kazyna Trust» өкілі Лима Диас айтқандай, бұл екі пойыз шамамен 250 станцияларыды қамтиды.

Баспасөз-конференциясы барысында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларын дамыту Қорының басқарушы директоры – ресми өкілі Лима Диас, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Әлеуметтік жобалар қоры» ұжымдық қорының директоры Кеңгірбаев Ербол, «Апаттық медицина теміржол госпиталі» АҚ басқарма төрағасы Әбділманов Ғабылнұр «Медициналық поездар» жобасы туралы  айтып берді.

Жобаға орай станциялар мен оларға қатарлас  жатқан тұрғылықты тармақ халқы бойында науқас болуына тексеріледі, қажетті алғашқы көмек, кәсіби консультация мен әрі қарай емделу үшін жақын орналасқан медициналық орталықтарға жолдамалар алады. 

Биыл екі пойыз қатынайтын болады. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қарағанды қаласынан аттанады және 2017 жылғы 11 сәуірден бастап 2017 жылғы 6 қараша аралығында орталық, солтүстік, шығыс өңірлерінің қалалары мен кеңшарларына барады.

Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінің халқы 2017 жылғы 18 сәуірден бастап 2017 жылғы 20 желтоқсан аралығы кезеңінде «Денсаулық» пойызының жүріп өткен жолы бойынша жоғары біліктілікті медициналық көмек ала алады. 

Дәрігерлер бригадасының құрамында терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог сияқты негізгі бағыт мамандары құралған. Медициналық пойыз қызметтерін Қазақстанның алшақ тармақтарының медициналық көмекті қажетсінетін тұрғындары, теміржолшы қызметкерлер мен зейнеткерлер және олардың отбасы мүшелері қолдана алады.

Айта кетейік, биылғы жылы «Медициналық пойыздар» жобасының  ресми сайты пайда болды: https://medpoezd.kz/ . Осы сайттан  пойыздардың қозғалыс бағытын және оның келуін бақылап отыруға болады. Жобаға «Қазпошта» АҚ шалғайдағы ауылдар станцияларына медициналық пойыздың келетіні туралы алдын ала хабарлау арқылы ақпараттық  қолдау   көрсетеді. 

2010 жылдан бері медициналық пойыздар мамандары 1052 станция тұрғындарын қарады, бұл 300 мыңнан астам адам, олардың ішінде үштен бірі – балалар. Көліктік медицинаның дамуына орай, көптеген пациенттер ұзақ жылдар ішінде дәрігерлер қарауына алғаш рет келді. Аурудың алдын алған дәрігерлер созылмалы, қатерлі ісіктер мен туберкулездің басталған бетінде айқындап алуы маңызды».

Comments are closed.