Astana Track Team шабандоздары елордалық балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті

03/04/2017

Велоспорттан Қазақстан құрамасы «SOS Астана Балалар Ауылы» тәрбиеленушілерімен кездесті. Кездесу «Сарыарқа» Республикалық велотрегінде өтті.Кездесу туралы естелікке балаларға арнап велосипедтер мен спорттық иыққаптар сыйлады. Балалар, өз кезегінде, іс-шара ұйымдастырушыларына алғыстарын білдіріп, және спортшыларға алдағы Гонконгтта өтетін әлем Чемпионатына сәттілік тіледі.

Astana Track Team кәсіби шабандоздары балалар үйінің тәрбиеленушілерімен танысу кездесуін өткізді. Бұл кездесуде 17 бала болды, олар еліміздегі жалғыз жабық велотректің көрнекті жерлерін үлкен қызығушылықпен аралады.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан велоспорт федерациясы және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларын дамыту Қоры. Іс-шараның мақсаты – балалар үйінің тәрбиеленушілеріне әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ  өсіп келе жатқан ұрпақды, балаларды спортқа, салауатты өмір салтына баулу.

Қазақстан велоспорт федерациясының бас хатшысы Тұлпар Мансұров: «Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында балалармен кездесу «Samruk-Kazyna Trust»  әлеуметтік жобаларын дамыту Қорының ынтымақтастық аясында өтті. Кездесу барысында балалар спортшылармен тез тіл табысты, және олардың көпшілігі  велосипед спортына қызығушылық танытып, жалпы қарым-қатынас өте жақсы және еркін болды. Алдағы уақытта федерация осындай іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.» деп атап өтті.

Кейбір балалар  мұнда қалалық іс-шаралар кезінде ірнеше рет болған, бірақ бұл жолы оларға  велотректі ішінен көруге мүмкіндік туды. Содан кейін балалар құраманың жаттықтырушылары – Владимир Бушанский және Эрве Дагорне, Astana Track Team шабандоздары – Артем Захаров, Никита Панасенко, Роберт Гайнеев, Султанмурат Миралиев, Роман Василенков, Сергей Шатовкин, Марк Турар, Алишер Жумахан және Никита Клевановпен танысты. Спортшылар велоспорт туралы айтып, велотректе жүргізу ахуалын көрсетті, кәсіби және жеке сұрақтарға жауап берді. Балалардың назарында ерекше қуаныш - кәсіби шабандоздарыдың байктарын тебу мүмкіндігі болды.

Comments are closed.