Техникалық саладағы студенттерге оқу жылының екінші семестріне стипендия берілді

06/03/2017

Оқу жылының екінші семестріне «Озат» бағдарламасының стипендиаттары Корпоративтік Қорымен сұрыпталды.«2016 жылдың қыркүйегінде біз «Тайбурыл» қоры бастамасының «Озат» стипендиалық бағдарламасын таңдап, оны жаңғырттық. Өйткені техникалық мамандықтарға — бұл тапшы мамандықтар барлық еншілес компанияларында өте сұранысқа ие. Барлық аймақтарда. Сондықтан біз жоғары оқу орындарының түлектерін, студенттерін қолдап, және стипендиаттарға көрсетілетін материалдық көмек, оқуды жалғастыруға демеу болады үміттенеміз», – деді Нұрлан Оразалиев.

Бағдарлама бойынша екінші оқу семестріне 130 стипендия қарастырылуда. Стипендияға Қазақстан Республикасы ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындарының бакалавриат күндізгі бөлімінің бітіруші курс студенттері өтінім берген.

 3 наурыз сағат 17.00-де «Озат» бағдарламасының стипендиялық жеңімпаздарына сертификат тапсыру рәсімі өтті. Тапсыру рәсіміне  «Samruk-Kazyna Trust» Қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының әлеуметтік жобалар қызметінің басшысы Оразалиев Нұрлан, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларын дамыту Қорының басқарушы директор – ресми өкілі Лима Диас, ҚҚ «Taiburyl» жобасының Әкімшісі, басқарма төрағысы - Худайбергенов Олжас пен   стипендия иегерлері Астана қаласының студенттері қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, "Озат" стипендиялық бағдарламасының екінші кезеңі осы жылдың 31 қаңтар мен 14 ақпан аралығында  жүзеге асырылды.

17 ақпан  үміткерлердің өтінімдерді қарау бойынша комиссия отырысы өтті . Комиссия құрамында:

1. Комиссия төрағасы - Әбенов Мұрат – «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары;

2. Диас Лима – «Samruk-Kazyna Trust» басқарушы директор – ресми өкілі

3. Садвакасов Дармен – «CSI» аға-серіктесі;

4. Кашкинбеков Арман –ENZEN вице-президенті;

5. Турлыбаев Талгат – «КИРИ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

 Стипендия алуға 245 өтінім келіп түскен, оның ішіннен комиссия Ереженің барлық талаптарына сәйкес 135 стипендиаттарды іріктеп алды.

«Егер біздің басқа да стандартты бағдарламаларда, қандай да бір шектеулер болса, онда «Озат» бағдарламасы шеңберінде біз тек техникалық саласының студенттерін іріктейміз. Біз  кандидаттарды іріктеу процесіне байыппен қарадық, шара барынша ашық және айқын өтуі үшін қоғамдық сенім артатын сарапшыларды тарттық», - деді Олжас Құдайбергенов.

 Бағдарлама стипендиаты, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті Жалимбетова Дана бағдарлама шеңберінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның    трансформация бөлімінің жобаларды басқару блогында өткен тағылымдамаға туралы әңгімелеп берді. Оның басты міндеті нақты жобаларды іске асыру болған. Сондай-ақ, ол әр түрлі шебер-класстарға қатысуға мүмкіндік алған. Бұл көмек оған тек ақшалай эквивалентте емес, мансаптық жоспарында мол тәжірибе болды.

Бағдарламаның әкімшісі «Taiburyl» қоғамдық бірлестігі болып  табылады. "Озат" стипендиялық бағдарламасы  2016 жылы 20 қыркүйек басталды, қатысуға өтінімдер бағдарламаның ресми сайты www.taiburyl.kz арқылы қабылданды. Конкурс туралы ереже және басқа да ақпарат www.sk-trust.kz және www.taiburyl.kz. сайттарында жарияланады

 «Озат» Стипендиялық бағдарламасы «Менің елім» - «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының  әлеуметтік инвестиция бағдарламаларының  желілік жобасының  бірі болып табылады.   

Comments are closed.