Үздік шығармалардың 30 авторы «Туған елге саяхат» балалар туристік пойызы құрамына кірді
17/10/2016
12 мен 15 жас аралығындағы балалардың 130 шығармасы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының «Жұлдыз FM» радиосымен бірлесіп өткізген «Туған елге саяхат» байқауына қатысты.«Менің елім» бағдарламасының операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.
«Менің Қазақстаным – менің Отаным» тақырыбындағы шығармалар байқауы Қазақстанның барлық өңірлерінің мектеп оқушылары арасында өтті. Байқау аясында үздік шығармалардың 30 авторы «Туған елге саяхат» балалар туристік пойызына жолдама алды. Ол Астана – Байқоңыр – Түркістан – Алматы – Астана бағдары бойынша күзгі демалыс кезінде жүреді. Байқаудың 30 жеңімпазынан басқа, пойыздың туристік тобына Қазақстанның алыстағы елді мекендерінен «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының өндіріс мамандықтары қызметкерлерінің тарапынан 90 бала кіреді.
Жоба «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. «Менің елім» бағдарламасы – бұл «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы орналасқан өңірлердегі жергілікті қоғамдастықтардың дамуына және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған тиімді әлеуметтік инвестициялар. Бағдарлама «Самұрық-Қазына» АҚ холдингінің өндіруші және өңдеуші компаниялары орналасқан Қазақстанның 9 өңірін қамтиды.
Байқау жеңімпаздарының тізімі сілтеме бойынша берілген.
Добавить комментарий