Гимнастиканы бұқараға бағыттау
13/10/2016
2016 жылғы 13 қазан күні ҚР гимнастика федерациясы өтеусіз негізде спорт гимнастикасы бойынша балаларға арналған топтар жұмысын іске қосты. Ол топтарға «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қамқорлық көрсететін балалар кірді.Атап өтейік, осы жобаның мақсаты – балалардың кәсіби гимнастикамен шұғылдануына тең әрі қол жетімді жағдай жасау.
2016 жылы «Samruk-Kazyna Trust» федерацияның әлеуметтік серіктесі болуда. Балалар үйлері мен аула клубтары тәрбиеленушілеріне арналған бағдарлама ұйымдастырылып, бірлескен негізде түрлі әлеуметтік іс-шаралар, бұқаралық және балалар спортын дамыту аясында балаларға арналған шеберлік сыныптары өткізілетін болады.
«Қорымыз теңдік қағидаларының белсенді насихатшысы болып табылады. Ол қағидалар адамдардың әлеуметтік мәртебесі немесе матералдық жағдайына қарамастан, бірдей құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болуын көздейді. Осылайша, тұрғындардың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобындағы балаларды бұқаралық спорт түрлерімен шұғылдануға тарту арқылы бірдей мүмкіндіктер қоғамына тағы бір қадам жасағымыз келеді, барлық қала тұрғындарын белсенді өмір салтын жүргізуге ынталандыру және, әрине, жаңа чемпиондарды тәрбиелеп өсіруді қалаймыз».
«Көрсетілген қайырымдылық көмек үшін әлеуметтік серіктесіміз «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорына «Қазақстан гимнастика федерациясы» ҚБ атынан рақмет айтқымыз келеді. Қордың қолдауымен ҚР спорт гимнастикасы бойынша құрама командасы үшін спорт құрал-жабдықтары жаңартылатын болады, сонымен қатар біз бірлескен әлеуметтік маңызы бар іс-шараларымызды жалғастыратын боламыз», - деп атап өтті «Қазақстан гимнастика федерациясы» ҚБ бас хатшысы Айгүл Дүкенбаева.
Назира Оспанбек, «SOS Алматы балалар ауылы» мұғалімі: - Балаларды қолдап, оларды спортқа баулығандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Нелли Ким академиясымен өтеусіз негізде бірнеше жыл бойы қызмет істеп келеміз. Бұдан арғы серіктестікке үміттіміз. Амандық әрі жетістіктер тілейміз.
Добавить комментарий