«Озат» бағдарламасының шәкіртақы иелері анықталды

10/10/2016

2016 жылғы 5 қазан күні «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының «Озат» шәкіртақы бағдарламасының өтінімдерін қабылдау кезеңі аяқталып, комиссия жеңімпаздарды анықтады.Жеңімпаздар ары қарай не істеуі қажет?

Үміткерлердің өтінімдерін қарау бойынша комиссия отырысы 7 қазан күні өтті. Комиссия құрамында:

1. Комиссия төрағасы – Мұрат Әбенов – «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары, қоғам қайраткері;

2. Арман Кашкынбеков – ENZEN вице-президенті;

3. Дәрмен Сәдуақасов – «CSI» аға серіктесі;

4. Шолпан Байболова – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының кеңесшісі.

Шәкіртақы алу үшін 204 өтінім келіп түсті. Олардың ішінен комиссия Ереженің барлық шарттарына сай келетін 125 шәкіртақы иесін іріктеп алды. Жеңімпаздар тізімін мына жерден көруге болады: http://taiburyl.kz/faq/Spisok_Ozat_SK-Trust.xlsx

Бағдарламаға Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің студенттері белсенді қатысты.

Жеңімпаз шәкіртақы иелерін құттықтаймыз және студенттер ары қарай өз істерінің мамандары атанып, қоғамға пайда әкелетіндеріне үміттіміз.

Қазіргі таңда жеңімпаз шәкіртақы иелері өндірістік тәжірибеден немесе тағылымдамадан өтуі үшін «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына кіретін ұйымдармен келіссөздер жүргізілуде.

Жеңімпаз шәкіртақы иелері міндетті түрде басып шығарылған өтінімді (фото жапсыру) және өтінімге қосымша берілген барлық құжаттарды (анықтамаларды) Бірлестік кеңсесі мекенжайына: Астана қаласы, Достық көшесі, 1, 24-пәтер, 2016 жылғы 17 қазанға дейін жіберулері қажет. Барлық студенттер өтінім жібермегенше, шәкіртақының аударылуы басталмайды. Астана қаласында оқитын студенттер басып шығарылған өтінімдерді кеңсеге өздері әкеле алады. Өтінімді жіберу үшін сіз Бірлестіктің мекенжайына хат жолдайтын студенттерге жеңілдіктер қарастырып отырған ADS (http://www.ads.com.kz/) пошта қызметін қолдана аласыз, сонымен қатар бірнеше студент қаражатты үнемдеу үшін өтінімдерді бір конвертте жолдай алады.

Барлық жеңімпаз студенттер 2016 жылғы 17 қазанға дейін «Kaspi bank» АҚ банк бөлімшелерінде шәкіртақыны алу үшін карта ашуға міндетті.

Қалаңыздағы банктің кез келген бөлімшесіне барып, «Taiburyl» БСН-ін атаңыз – 130840014532. Картаны ашу тегін. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Картаны ашқаннан соң, оның нөмірін немесе скан нұсқасын жібермеуді сұраймыз, банк шәкіртақы иелерінің мәліметтерін автоматты түрде береді.

Сонымен қатар, 2016 жылғы 17 қазанға дейін өтінімде көрсетілген мекенжайлар бойынша студенттерге жіберілетін сертификаттар дайын болады. Астана қаласында оқитын студенттерге сертификаттар салтанатты түрде тапсырылады. Табыстау орны мен уақыты кейін хабарландырылады.

Шәкіртақы бойынша бірінші төлемдер 2016 жылғы 24 қазаннан бастап, барлық студенттер басып шығарылған өтінімдерді жолдап, банк карталарын ашқаннан кейін жіберіледі. Қыркүйек пен қазан айларының шәкіртақысы бірден жолданса, одан кейінгілері әр айдың 20 дейін беріледі.

Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!

Comments are closed.