ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

ҚАЗАҚСТАНДА «ТУҒАН ЕЛГЕ САЯХАТ» БАЛАЛАР ТУРИСТІК ПОЙЫЗЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

22/09/2016

Жоба «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамымен ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналады.

«Туған елге саяхат» – Қазақстанның барлық түкпірлерінен жиналған балалардың күзгі демалыс кезінде еліміз бойынша 9 күндік турға аттануын қамтитын туристік пойыз. 120 баладан тұратын топ Қазақстанның көрікті жерлері мен көруге тұратын орындарына барып қайтады.

Жоба ұраны – «Тәуелсіз Қазақстан балаларының армандарын орындаймыз!».

Топ құрамына 12 мен 15 жас аралығындағы балалар кіреді. «Жұлдыз FM» радиосында пойызға 30 жолдама ойнатылады. Ол 30 қазан күні өз сапарын Астанадан бастап, Астана – Байқоңыр – Түркістан – Алматы – Астана бағдары бойынша жүріп, саяхатын 7 қараша күні Астанада аяқтайды.

Қалған 90 жолдама «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес компанияларында Қазақстанның алыстағы өңірлеріндегі өндірістерде еңбек ететін өнеркәсіп қызметкерлерінің балаларына беріледі.

«Конкурстық іріктеуге қатысу үшін «Менің Қазақстаным – менің Отаным» тақырыбында шығарма жазып, онда сен үшін Отан нені білдіретінін көрсету қажет: сенің аулаң, сенің отбасың, сенің мектебің, әлде басқасы болуы мүмкін.

Шығармаларды Poezd25@list.ru мекенжайына жолдап, өз АЖТ, жасыңызды, тұрып жатқан қалаңызды және байланысу ақпаратын көрсету қажет. Үздік шығармалар «Жұлдыз FM» тікелей эфирінде оқылып, олардың авторлары жолдама иелері атанады».

Добавить комментарий