Теміртауда «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны өтті

20/09/2016

2016 жылғы 19 қыркүйек күні 12.00-де Теміртау қаласында № 21 мектепте «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының «ЖЕҢІС» республикалық қайырымдылық жобасы аясында Ұлы Отан соғысы тарихына арналған «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны өтті.Қорытындысында жеңімпаз командаларға және ойынның белсенді қатысушыларына дипломдар мен тәтті сыйлықтар табысталды.

Ойын мақсаты – өскелең ұрпақтың Ұлы Отан соғысы тарихы туралы, Ұлы Жеңіске қазақстандық жауынгерлердің қосқан үлестері мен рөлі туралы білімдерін арттыру; еліміздің қаһармандық өткеніне деген құрметті тәрбиелеу, ҰОС ардагерлеріне ілтипат әрі қамқорлық көрсету.

Ойын қызық түрде өтті: ойынның көптеген тапсырмалары ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері қатысуымен дайындалған бейне сұрақтар арқылы қойылды.

Ойын қатысушыларын қолдауға келгендер: Куриленко Николай Семенович – ҰОС ардагері, сонымен қатар тыл еңбеккерлері – Лазарева Нина Сергеевна, Ходарева Лидия Александровна, Штина Галина Васильевна, Филиппова Евгения Егоровна, Данилова Зоя Федоровна, Евдокимова Раиса Андреевна.

Николай Семеновичтың айтуы бойынша, «Халқымыздың жауынгерлік өткені туралы тарихи естелікті сақтап қалу өте маңызды. Жас ұрпақ бейбітшілік, достық пен бірлік құндылықтарына ұқыпты қарауы керек. Бүгін олар амандықта әрі бейбіт жерде өмір сүруі үшін олардың ата-әжелері нені сарп еткенін жастар жете түсінулері қажет».

Comments are closed.