ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Алматыда Бибігүл Төлегенованың халықаралық конкурсының іске қосылуы жөнінде баспасөз мәслихаты өтті

19/09/2016

Бүгін Бибігүл Төлегенованың халықаралық вокалистер конкурсының өткізілуі жөнінде баспасөз мәслихаты өтті. Іс-шара 19-27 қыркүйек күндері ұйымдастырылып, 19-32 жас аралығындағы вокалистерді қамтиды.

Баспасөз мәслихатының қатысушылары алдында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедьяров құттықтау сөз айтты.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Лима Диастың айтуы бойынша: «Біз осындай бастамаларды қуанышпен қолдаймыз, өйткені осындай жобалар жастарымызды қазақ классикалық ән өнеріне тартумен қатар, қазақ халқының жанының шынайы сұлулығын ашып көрсетіп, сазгерлеріміздің туындыларын көпшілікке танымал етеді».

Бибігүл Төлегенова жиналған қауымға қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтып, конкурсты өткізудің үлкен халықаралық маңызы бар екенін атап өтті. Қазақ музыкасының үздік үлгілерін орындау мәдениеттердің өзара кірігуіне қызмет етіп, жас талантты орындаушыларды айқындауға жағдай жасайды.

Добавить комментарий