Техникалық сала студенттеріне шәкіртақы беру бағдарламасы басталды

13/09/2016

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қазақстандық жоғары оқу орындарындағы техникалық мамандықтарда оқитын ең үздік студенттерді ынталандыруда. Қор оқуға арналған 130 шәкіртақыны қамтитын «Озат» шәкіртақы бағдарламасын бастауда. Шәкіртақыға өтінімдерді Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындарының бітіруші курстарының күндізгі бөлімдегі бакалавриат студенттері жолдай алады.Конкурс 2016 жылғы 20 қыркүйекте басталады, қатысу өтінімдері www.taiburyl.kz бағдарламаның ресми сайтында қабылданады.

Конкурсқа келесі мамандықтарда оқитын студенттер қатыса алады: мұнайгаз өнеркәсібі, атом өнеркәсібі, телебайланыс, көлік және логистика, энергетика өнеркәсібі және химия өнеркәсібі.

Содан басқа, конкурстық комиссия өтінімдерді қарау кезінде келесі шарттарға мән береді: студенттің үлгерімі, ғылым, спорт және мәдениетке ынтасы әрі қатысуы, халықаралық және республикалық конкурстар мен жарыстардағы марапаттары мен жүлделі орындарының болуы, университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуы және белсенді өмірлік ұстаным. Өтінімдерді қарау кезінде студенттің отбасының материалдық жағдайы да ескеріледі.

«Озат» шәкіртақы бағдарламасы бойынша әрі қарай шәкіртақы иесінің «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірінде тағылымдамадан өту мүмкіндігі қарастырылады. 

Бағдарламаның әкімшісі «Taiburyl» қоғамдық бірлестігі болып табылады. Конкурстың ережесі және басқа ақпарат www.taiburyl.kz сайтында жарияланған.

Конкурс бойынша ереже келесі сілтемеде: Озат шәкіртақы бағдарламасын ережесi 

Comments are closed.