ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Назар аударыңыз, Спартакиада!

29/08/2016

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасындағы IV Спартакиаданы өткізеді.Спартакиада – бұл тек жарыс қана емес, бұл – салауатты өмір салты, бұқаралық спорттың танымалдылығын арттыру, денсаулықты жақсарту және корпоративтік мәдениетті күшейту мүмкіндігі.

Жарыс 2016 жылғы 9-11 қыркүйек күндері Назарбаев Университетінің спорт кешенінде бес спорт түрі бойынша өтеді: шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, қол күресі және шахмат ойыны.

Биыл алғаш рет барлық назар тек спортшыларға ғана емес, сонымен қатар өз командасы үшін жанкүйер болып, қолдау көрсететіндерге де аударылады. Біз жанкүйерлер арасында команданы қолдау жөніндегі ең үздік бейнеролик және үздік ұран байқауларын жариялаймыз.

Конкурсты өткізу ережелері:

1.Конкурстың қатысушылары — «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының барлық қызметкерлері;

2. Конкурстың өту уақыты – 2016 жылғы 25 тамыздан 8 қыркүйекке дейін;

3. Өтінімді бұл хабарламаға пікір қалдыру арқылы, аккаунтымызға жеке хат арқылы немесе spartakiadaSK@yandex.ru поштасына жолдауға болады.

Жеңімпаздар дауыс беру арқылы анықталады. Марапаттау Спартакиада күндері өтеді. Конкурстың барлық қатысушылары үшін ынталандыру сыйлықтары қарастырылған.

Сыйлықтар тек жеке адамдарға ғана емес, ұжымға да беріледі, компания жанкүйерлерінің ең белсенді командасы да марапатталады!

Өтінімге қойылатын талаптар:
• Міндетті түрде компанияны атап көрсету;
• Ұран саны шектелмеген, көлемі бойынша ең кемі – 2 жол, жоғарғы шегі – 8 жол;
• Бейнероликтің ұзақтығы: 30 секундтан 3 минутқа дейін. Командаларды қолдап, өз тілектеріңізді айтып немесе жарыстарға қатысатын нақты адамдарды атап өтулеріңізге болады.

Бейнероликті телефон арқылы түсіріп, youtube арнасына орналастыруға немесе тікелей жолдауға болады.

Командаңыздың жеңісі сіздерге де байланысты екендігін ұмытпаңыздар!

Добавить комментарий