1-2-3 дәрежелі мүгедектік астаналықтарға Astana Bike сертификаттар табыстады

10/08/2016

2016 жылдың 10 тамызында «Astana Bike» әлеуметтік-инновациялық жобасының командасы Астана қаласының Әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан көмек алушы жандарға арнайы Astana Bike сертификаттар табыстады.«Velocity.kz» қоғамдық қорының президенті Қасымова Алмагүлдің айтуынша «Astana Bike өз пайдаланушыларының қауіпсіздігіне алаңдайды, сол себепті астанамызда велосипед тебу мәдениеті жол қозғалысының барлық қатысушылары қауіпсіздігінің ескеріліп дамуы мақсатымен, қазіргі таңда жүргізушілер мен велосипедшілер үшін білім беру бағдарламасы әзірленуде».

Бұл сертификаттармен «Astana Bike» жобасының пайдалану карталарын тегін рәсімдеуге болады. Сертификаттар Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 1-2-3 дәрежелі мүгедектік бойынша тіркеуде тұрған 20 адамға берілді.

«Біздің қор, ерекше қажеттілікті керек ететін жандардың дені сау жандар іспеттес бірдей құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болуын назарда ұстап, инклюзия қағидаларының белсенді насихаттаушысы болып табылады. Осыған орай, Astana Bike жобасына мүгедектерді тарту арқылы, біз тең дәрежелі мүмкіндіктер қоғамына тағы бір қадам жасағымыз келеді, барлық қала тұрғындарын диагноздарына қарамастан салауатты әрі белсенді өмір салтын ұстануға ынталандырамыз», - дейді осы акция турасында «Samruk-Kazyna Trust» ресми өкілі Лима Диас.

«Ұйымдастырушыларға назарлары үшін алғысым зор! Бұл велосипедтер Астананың атын шығарып, үлкен танымалдылыққа ие болуда. Олар арқылы адамдар қатынас көлігі әрі экология сұрақтарын ішінара болса да, шешуде. Жеке өз басыма бұл жоба қатты ұнайды. Осы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып тұратын баланың әкесі ретінде, барлық адамдар үшін, мүгедектігіне қарамастан, бірдей мүмкіндіктер тудырудағы көрсететін көмектеріңіз үшін өте қуаныштымын!», - дейді сертификат алушы, Тулеуов Нұрлан – аталмыш орталықта қызмет алатын Тулеуов Адиярдың әкесі.

Comments are closed.