«Samruk-Kazyna Trust» Жазғы Олимпиада ойындарын транцляциялау бойынша «Хабар» Агенттігінің серіктесі атанды

05/08/2016

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Хабар» агенттігімен ынтымақтастық келісімге келгендігі жөнінде хабардар етеді. Жобаларды дамыту қоры 5-21 тамыз аралығында Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада күнделіктерін «Хабар» телеарнасында көрсету бойынша серіктес атанды. «Samruk-Kazyna Trust» Қорының бастамасымен қазақстандықтар «Хабар» арнасындағы олимпиада күнделіктерінде Риодағы еліміздің құрама командасына тілектерін жеткізе алады. Олимпиада күнделіктері – бұл жарыстың маңызды сәттеріне шолу болып табылады. Оны Бразилиядағы «Хабар» Агенттігінің түсіру тобы әзірлейді.

«Олимпиада - Қазақстан және әлем үшін өте маңызды оқиғалардың бірі. Бұл ойындар еліміз үшін патриотизм және мақтаныш сезімін оятады. Міне, төрт жылдан соң біз тағы да қазақстандықтармен қуанышты сәттерді бөліскелі отырмыз. Олимпиада ойындарын көрсету және хабардар етіп отыру – біз үшін үлкен құрмет, жарыс кезінде көрерменге қызықты, тың материалдар әзірлейміз, тікелей эфирдегі көрсетілімдер, сонымен қатар шолу жасап отырамыз», - деді «Хабар» арнасының директоры Ринат Кертаев.

«Біздің Қордың жұмысы көптеген адамдармен жұмыс жасау болып табылады, олардың арасында әр аймақтан, түрлі саланың өкілдері бар, барлығын қазақстан спортшылары үшін мақтаныш біріктіреді. Қазір Риода жүрген  ұлтымыздың батырларына қолдау білдіру үшін қазақстандықтардың тілектерін жинауды жөн көрдік», - дейді "Samruk-Kazyna Trust" ресми өкілі Лима Диас.

Comments are closed.