Әлемдік деңгейдегі теннисшілер отбасын қолдау орталықтарындағы балалары үшін шеберлік сабақтарын өткізді

27/07/2016

Бүгін Астана қаласының Ұлттық теннис орталығында «Samruk-Kazyna Trust» отбасын қолдау орталықтарындағы 50 балаға арналған шеберлік сабақтарының топтамасы өткізілді.«Президент кубогі – 2016» турнирі бас серіктес «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен өткізіліледі, ал әлеуметтік іс-шаралар Қазақстанның теннис федерациясының әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірге ұйымдастырылғанын атап өтеміз.

Шеберлік сабақтарын әлемдік деңгейдегі теннисшілер, Дмитрий Попко, Камила Керімбаева, Денис Истомин және басқалары жүргізді. Теннис күні аясында балалар спорттың бұл түрінде өз күштерін сынап көруден басқа, «Президент кубогі – 2016» шарасының үлкен теннис бойынша халықаралық турнир топтамасының Challenger ATP және ITF Women’s матчтарының көрермендері болды.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Лима Диастың айтуы бойынша: «Самұрық-Қазына» бірнеше жыл бойы теннис федерациясының серіктесі болып табылады, біз спортшыларымыздың кәсіби тұрғыда өсуіне және өткізілетін турнирлер деңгейі үшін қуаныштымыз. 2016 жылы «Samruk-Kazyna Trust» федерацияның және Президент кубогінің әлеуметтік серіктесі болып табылады. «Samruk-Kazyna Trust» қамқорлық көрсететін балалар үйі тәрбиеленушілері және аула клубтарының балалары үшін бағдарлама ұйымдастырдық, бірлесіп балаларға арналған түрлі іс-шаралар, шеберлік сабақтарын өткізуді жоспарлаймыз. Осылайша, бұқаралық және балалар спортын дамытуды, қолдауды көздейміз». 

Comments are closed.