Медициналық пойыздар жұмысының аралық қорытындылары

Тұрғындарға арналған медициналық қызметтердің сапасының артуы мен қолжетімділігі мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бірлескен жобасы аясында іске қосылған мамандандырылған пойыздар бірнеше жыл шалғайдағы аудандар тұрғындарына денсаулықтарын жақсартып, сырқатты ерте кезеңде айқындап алуға көмектесіп келеді.Тұрғындарға арналған медициналық қызметтердің сапасының артуы мен қолжетімділігі мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бірлескен жобасы аясында іске қосылған мамандандырылған пойыздар бірнеше жыл шалғайдағы аудандар тұрғындарына денсаулықтарын жақсартып, сырқатты ерте кезеңде айқындап алуға көмектесіп келеді.

2016 жылдың 15 ақпаны мен 17 шілдесі аралығында пойыз жұмысының 186 күні ішінде дәрігер мамандарға медициналық көмек алу үшін 31 616 адам көрінген. Пойыз мамандарына дәрігерлік көріну саны 224 749 құраған, демек әрбір келген адам орташа есеппен 7 дәрігер маманның қабылдауында болған.

Пойыздың дәрігер мамандары 71 177 аса медициналық және зертханалық зерттеулер жүргізген, хирургиялық мамандық дәрігерлері 10 482 хирургиялық шағын ота жасаған, тіс дәрігерлері 9 379 адамды емдеген.

Мамандандырылған медициналық пойыздар ара қатынасу мерзімі ішінде 148 бекетте болып қайтты.

«Саламатты Қазақстан» пойызы жұмысының нәтижелері туралы ақпарат

Пойыздарымыздың бірі жақында өз жұмысын аяқтады. Медициналық пойыз 98 күн жүріп, сол мерзім ішінде (2016 жылдың 15 ақпаны мен 11 шілдесі аралығында) дәрігер мамандарға медициналық көмек алу үшін 18 310 адам жүгінген. Пойыз мамандарына көріну саны 122 630 құраған, демек әрбір келген адам орташа есеппен 7 дәрігер маманның қабылдауында болған.

Пойыздың дәрігер мамандары 43 003 аса медициналық және зертханалық зерттеулер жүргізген: 20 252 рет ультрадыбыстық зерттеу жасаған, 6569 рет – ЭКГ, 2319 – ультрадыбыстық допплерография, 2498 – ЭХО-ЭГ, 4875 – КІҚ.

Зерттеулер мен анализдерден бөлек, хирургиялық мамандық дәрігерлері 6 361 хирургиялық шағын ота жасаған, тіс дәрігерлері 6 290 адамды емдеген.

«Жәрдем» пойызы жұмысының нәтижелері туралы ақпарат

2016 жылдың 24 мамыры мен 17 шілдесі аралығында пойыз жұмысының 54 күні ішінде дәрігер мамандарға медициналық көмек алу үшін 7 747 адам көрінген. Пойыз мамандарына дәрігерлік көріну саны 61 072 құраған, демек әрбір келген адам орташа есеппен 8 дәрігер маманның қабылдауында болған.

Пойыздың дәрігер мамандары 15 397 аса медициналық және зертханалық зерттеулер жүргізген: 8 242 ультрадыбыстық зерттеу, 3 086 – ЭКГ, ультрадыбыстық допплерография -1 724, ЭХО-ЭГ-619, КІҚ - 1 726, хирургиялық мамандық дәрігерлері 2 335 хирургиялық шағын ота жасаған, тіс дәрігерлері 1 626 адамды емдеген.

Мамандандырылған медициналық пойыз 28 бекетте болып, қазіргі уақытта Екпінді бекетінде орналасқан.

Сілтемелер бойынша «Жәрдем» пойызының жүру кестесімен танысуға болады.

«Денсаулық» пойызы жұмысының нәтижелері туралы ақпарат

2016 жылдың 10 маусымы мен 17 шілдесі аралығында пойыз жұмысының 33 күні ішінде дәрігер мамандарға медициналық көмек алу үшін 5 559 адам көрінген. Пойыз мамандарына дәрігерлік көріну саны 41 047 құраған, демек әрбір келген адам орташа есеппен 7 дәрігер маманның қабылдауында болған.

Пойыздың дәрігер мамандары 11 495 аса медициналық және зертханалық зерттеулер жүргізген: 5 394 рет ультрадыбыстық зерттеу, 2 567 – ЭКГ, 582 – ультрадыбыстық допплерография, 469 – ЭХО-ЭГ, 2 483 – КІҚ, хирургиялық мамандық дәрігерлері 1 786 хирургиялық шағын ота жасаған, тіс дәрігерлері 1 463 адамды емдеген.

Мамандандырылған медициналық пойыз 26 бекетте болып, қазіргі уақытта Жаңаөзен бекетінде орналасқан.

Сілтемелер бойынша «Денсаулық» пойызының жүру кестесімен танысуға болады. 

Пікір үстеу