«Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлері бірлесіп, өз күштерімен спорт мерекесін ұйымдастырды

14/07/2016

Нәтижелі жұмыс аптасынан кейін демалыс қажет, сондықтан «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері бірігіп, өз күштерімен таза ауада спорт мерекесін ұйымдастырды.

Қатысушылар ас әзірлеп, көптеген спорттық ойындар, кедергілер алабы, байқаулар, велосипед жарысы және басқа да іс-шаралар өткізді.

Компания қызметкерлерінің ынтасы және «Самұрық-Қазына» АҚ Үкіметпен өзара іс-қимыл жөніндегі басқарушы директоры Нұрлан Рахметов бастаған ұйымдастыру комитеті арқасында шара қызықты әрі жолдастық жағдайда өтті.

Қатысушыларға және осы мерекені ұйымдастыруды ұсынған бастамашыл топқа рақмет!

Comments are closed.