ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің финалы өтті

05/07/2016

3 шілдеде Астана қаласында «Сарыарқа» республикалық велотрегінде Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің финалы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша турнирден соң көрермендер арасында лотерея ойнатылып, сыйлыққа JAC S3 автокөлігі тігілді. Жаңа көліктің иесі лотерея кезінде анықталды. Жеңімпаз турнирді Оңтүстік Қазақстан облысынан арнайы көруге келген екен. Оған сыйлықты Allur Auto Астана бас директоры Орудж Назаров тапсырды.

Жарыста финалға жолдама алған 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларының іріктеу жарыстарының жеңімпаз 32 балуандары, «Әскер Барысы» Талғат Әмренов және былтырғы Қазақстан Барысы атанған Бейбіт Ыстыбаев қатысты.

Сонымен бірге, ағымдағы жылда «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің финалына «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен патронаждалатын халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобындағы балалар, аз қамтылған отбасылардан балалар және ерекше қажеттіліктері бар балалар шақырылған.

Турнирді сегіз мыңға жуық адам велотректе тамашалады. Сондай-ақ, тікелей эфирде «Қазақстаннан» бөлек, Түркияның «TRT Avaz» арнасы тікелей эфирде көрсетті. 
«Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры биылғы жылы «Еуразия Барысы» турнирін өткізеді. Халықаралық командалық жарысқа бірнеше елдің командалары қатысады деп жоспарлануда. Бұл сында қазақстандық балуандар өз шеберліктерін паш етіп, қазақ күресінің биік деңгейін көрсетеді деп күтілуде. 

Добавить комментарий