ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де стритболдан FIBA 3х3 U18 WORLD CHAMPIONSHIPS әлем чемпионаты қарсаңында брифинг өтті

23/05/2016

Аталған шараға алда болар чемпионаттың жай-жапсары жайында баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап бері үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істеру комитеті төрағаның орынбасары Серік Жарасбаев, «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры Лима Диас, Ұлттық баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысов, Қазақстан стритбол лигасының директоры Жомарт Асенканов, Маңғыстау облысы баскетбол федерациясының директоры, әнші Самсон Аракелян арнайы қатысты.Сонымен қатар, турнирге қазақстандық спортшылар да қатысады. Қазақстандық жасөспірімдер үшін бұл екінші әлем чемпионаты. Ал қыздар құрамасы айтуылы жарысқа тұңғыш рет қатысқалы отыр.

 «Біз биылғы жылы алда болар чемпионатты өткізу үшін FIBA Қазақстанды таңдағы үшін шексіз қуаныштымыз. Бүгінгі таңда стритболдың бұқаралық спорт түріне айналып отырғандығын ерекше атап өткен жөн. Осы күні бүкіл мектеп аулаларында шығыршақтар мен баскетболға арналған алаңдар бар. Кез-келген мектеп оқушысы өзінің спорттық мансабын бүгіннен бастап, кейін үлкен жетістіктерге қол жеткізе алады. Бұл чемпионат, сөзсіз, бұқарлық спорттың, көше спортының дамуына ерекше серпін береді деп ойлаймын», — деді Серік Жарасбаев.

1 маусым күні басталатын турнир 5 маусымға дейін жалғасады. Барлық іс-шаралар «Астана Опера» ғимаратының жанындағы алаңда өтеді. Жарысқа әлемнің 30 елінен 200-ден астам спортшы қатысады. Сондай-ақ, аталған турнирді 30 мыңнан астам көрермен тамашалайды деп күтілуде. Матчтардың тікелей трансляциясын Kazsport телеарнасынан және FIBA-ның Youtube-гі ресми каналынан көруге болады.

Астананың бұған дейінде бірталай ірі спорттық турнирлерді өткізгендігін атап өткен жөн. 

«Біздің жігіттер Румыния, Индонезия, Италия және Катар командаларымен С тобында бақ сынасатын болады. Қыздар В тобында Нидерланды, АҚШ, Италия және Польша спортшыларымен сынға түседі», — деп мәлімдеді Жомарт Асенканов.

Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, турнирге спортшылар ғана емес, сонымен бірге қарапайым көрермендер де қатысады. Samruk-Kazyna Trust және Астана Кубоктары үшін көше турнирлері ұйымдастырылады. Бұл жарыстарға 10 жастан асқан кез-келген тілек білдіруші қатыса алады. 

«Біз астаналықтармен қатар, өзге де қалалардың тұрғындарына осы шараға арнайы келіп, қатысуға мүмкіндік бергіміз келеді. Әлем чемпионаты – бұл мәртебе. Бірақ, басты мақсатымыз — бұқаралық, яғни әрбір адам өз күшін байқап көрсе дейміз», — деді Жомарт Асенканов.

Сонымен бірге, чемпионат күндері стритбол жарыстарымен қатар, түрлі спорттық және музыкалық шаралар ұйымдастырылады. Балалар үшін жеке арнайы зоналар жасақталып, кәсіби спортшылар шеберлік-сыныптарын өткізеді. Самсон Аракелянның айтуынша, шетелдік қонақтар үшін оларды Астанамен, қазақ халқының ұлттық дәстүрімен, мәдениетімен және асханасымен таныстыратын жеке бағдарлама әзірленген. 

Пікір үстеу