«Samruk-Kazyna Trust» қолдауымен мүмкіндігі шектеулі 180 азамат жасанды интеллект курстарын меңгереді

05/04/2024

Ерекше қажеттіліктері бар, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы 18-35 жас аралығындағы жастар AI-маман, no code әзірлеуші, UI/UX + Web-маманы сияқты нарықта сұранысы бар мамандықтарға үйренеді. Курстар қазақ және орыс тілдерінде әзірленген және есту қабілеті бұзылған жастар үшін ым-ишара тіліне бейімделген.

«OrleTECH 3.0» жобасы «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен «Шелл Қазақстан БВ» компаниясының қаржылық қолдауымен «IteachMe» қоғамдық қорымен жүзеге асырылады. Жоба кешенді түрде кезең-кезеңімен дамытуды қамтитын офлайн және онлайн форматтағы іс-шаралардан тұрады.

Бірінші кезең: әлеуметтік дағдыларды дамытуға, сондай-ақ мүгедектікке байланысты күдік пен қорқыныштарды жеңуге арналған 3 күндік soft skills офлайн лагері.

Екінші кезең: таңдалған бағыт бойынша 3 айлық онлайн курс. Барлық қатысушыларға оқытушылардың қолдауы қамтамасыз етілді. Курсы сәтті аяқтаған қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Үшінші кезең: жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Қатысушылар жеке түйіндемесін, жұмыс портфолиосын жасайды, сондай-ақ әлеуетті жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл негіздерін меңгереді.

Айта кетейік, бүгін жоба аясында және серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева және «Шелл Қазақстан БВ»  компаниясының корпоративтік байланыстар жөніндегі жетекшісі Айгүл Барменқұлова екі ұйым арасындағы меморандумға қол қойды.

Comments are closed.