15/06/2023
ҮЕҰ атауы: "Samruk-Kazyna Trust" Корпоративтік Қоры
Бюджеті: 16 397 594 теңге
Жоба географиясы: Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар облыстары және Астана қаласы
Мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктері бар халықтың осал топтарындағы, өңірлердің мамандандырылған мектеп-интернаттарындағы балаларға қолдау көрсету және мерекелік көңіл-күй қалыптастыру, қажеттіліктер негізінде спорттық құрал-жабдықтардың материалдық базасын жаңарту, сатып алу және балаларға тапсыру
Мақсатты аудиториясы: ерекше білім беру қажеттіліктері бар халықтың осал топтарынан 2 030-дан астам бала, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ақыл-ойы, сөйлеуі, есту қабілеті бұзылған және психикалық дамуы тежелген балалар, өмірлік қиын жағдайға тап болған және ерекше балалар
Негізі: Қамқоршылық кеңестің 26.05.2023 жылғы №09/23 шешімі
Жобаның сипаттамасы: еліміздің 4 облысында және Астана қаласында 15 мамандандырылған мекеме үшін спорттық мүкәммал жиынтығын сатып алуды және орнатуды қамтамасыз ету. Халықтың осал топтарынан ерекше білім беру қажеттіліктері бар 2 030-ға жуық бала қамтылады. Жоба өңірлік арнаулы оқу орындарының сұрау-хаттарына негізделе отырып, балаларды қолдауға бағытталған. Жоба "Самұрық-Қазына"АҚ-ның 15 жылдығына орайластырылған.
Comments are closed.