ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ 4 ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫН АШТЫ

07/06/2023

Халықаралық балаларды қорғау күні аясында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының біріңғай қайырымдылық операторы - «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылай демеушілігімен, «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп, Атырау қаласында ерте араласу орталығы ашылса, Талдықорғанда ерте араласу және аутизмі бар балаларға арналған жобалар іске қосылды. Өскеменде де өскелең ұрпақтың саулығына орасан пайдасын тигізер орталықтар жұмысын бастады.  

Өскемен қаласындағы ерте араласу орталығының ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов пен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов қатысты.

Үш айдан үш жасқа дейінгі дамуында кінәрат бар балаларға арналған «Қамқорлық» ерте араласу орталықтарының әрқайсысында жыл сайын 600 бала абилитациялық және оңалту көмегін алады. Сондай-ақ озық үлгілі арнайы жабдық арқылы диагностикалық аудиологиялық және ми тексеруінен өтеді.

«Қамқорлық» қорының ұсынысымен «Самұрық-Қазына» қоры 2020 жылдан бері балаларға арналған оңалту орталықтарының ашылуын қаржыландырып келеді. Үш жыл ішінде Қор Қазақстанда 15 «Қамқорлық» оңалту және 6 ерте араласу орталығының ашылуын қаржыландырды. Бұл істе сіздердің өңірде орналасқан Қор кәсіпорындарының да үлесі зор екенін атап өту керек. Тиісті жұмыстар биыл «Қазақстан халқына» қорымен бірлесе жалғасын тауып, тағы 13 ерте араласу орталығын ашудамыз», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Балалармен оңалтушы дәрігерлерден, неврологтардан, емдік-дене шынықтыру нұсқаушыларынан, эрготерапевттерден, логопедтерден және дефектологтардан тұратын мамандардың көпсалалы тобы жұмыс істейтін болады.

«Балалар мүгедектігінің алдын алу үшін ерте араласу орталықтары құрылуда. Өмірдің алғашқы айлары мен жылдарынан бастап функциялардың ауытқуларын дұрыс диагностикалау және түзету қазірдің өзінде бар өзгерістерді жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар жаңа ағза жұмысының бұзылуының болдырмауға, балалардың әлеуметтік бейімделуінің ауырлығын азайтуға, әр бала үшін барынша мүмкін болатын өмір сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Барлық орталықтың жалпы қамтуы жыл сайын бүкіл ел бойынша 12 000 баланы құрайды. Бұл жобаның қолдаушылары ҚР Үкіметі, жергілікті әкімдіктер, «Қазақстан халқына» және «Самұрық-Қазына» қорлары», - деді «Қамқорлық қоры» ҚҚ директоры Арайлым Еркінова.

Аутизмі бар балаларға арналған «Қамқорлық» орталықтарында аутизм спектрі бұзылған балаларға кешенді көмек көрсетіледі: бір жерде әртүрлі мамандар әр баламен баланың қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, әдіскерлер әзірлеген жеке бағдарлама бойынша жұмыс істейді.

Жыл сайын тиісті орталықтардың әрқайсында 1,5-тен 18 жасқа дейінгі 125 бала мамандардың көмегін тегін алып, олардың ата-аналарына қолдау көрсетіледі. Ава-терапия, эрготерапия, кинезиотерапия, бейімделген және емдік дене шынықтыру, еңбек терапиясы, арт-терапия, музыкалық терапия, сенсорлық интеграция, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, логопед, психолог және дефектолог сабақтары қарастырылған.

Орталық қызметкерлері аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларды оңалту саласындағы отандық және шетелдік сарапшылардың курстары арқылы және тренингтер мен көшпелі семинарларды қамтитын арнайы әзірленген бағдарлама шеңберінде оқудан өтуде.

«Аутизмі бар бала асырап отырған әр ата-ана үшін бұл орталықтардың маңыздылығы зор. «Қамқорлық» орталықтары «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қорларының ынтымақтастығының арқасында ең замануи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл жерлерде жоғары деңгейде дайындалған мамандар балаларға көмек көрсетеді. Бірлескен еңбегімізді ата-аналар тарапы лайықты бағалайды деп ойлаймын. Біздің мақсатымыз - елдің барлық өңірін қамти отырып, ерекше балаларды жақын жерден қолжетімді әрі тиімді оңалтумен қамтамасыз ету. Осындай 3 орталық Шымкент мен Павлодар және Талдықорған қалаларында жұмыс істейді. Жыл соңына дейін тағы 4 орталық Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарында және Алматы қаласында ашылады», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Жоба барысында еңбек терапиясына және әлеуметтік-тұрмыстық бағытқа ерекше назар аударылады. Орталықтардағы кабинеттер ағаш ұстасы және қыш шеберханалары, тігін цехымен жабдықталған. Тұрмыстық дағдылар арнайы жабдықталған бөлмеде оқытылады: мұнда балалар дастархан жайып, төсек жинап, бөлмені таза ұстауға көмектеседі. Сонымен қатар, орталықта балаларды оңалтудың жаңа технологиялары: интерактивті және сенсорлық бөлмелер, робототерапия және робототехника, лего-кабинет бар. Бұл қызметтердің барлығын тегін алуға болады.

Добавить комментарий