ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Астана қаласындағы отбасылық аула клубтарына 5 жыл

28/04/2016

Халықаралық балаларды қорғау күнінің қарсаңында 28 мамыр күні «Астаналық» саябағында «Замандас21» Қоғамдық Қоры «Аула клубы – балалардың мүддесі үшін қозғалыс» жобасының 5 жылдық мерейтойы өтті.Қазіргі таңда «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен жобаны еліміздің барлық өңірлеріне енгізуді көздеп отыр.

Жобаның мақсаты: тұлғалық өсу, балалар мен жасөспірімдердің, жастардың өмір сүру сапасын жақсарту; Астана қаласындағы отбасылық аула клубтары арқылы қала округіндегі жасөспірімдер мен жастар арасындағы тәртіп бұзушылықтардың алдын алу. Бұл жоба 2011 жылы  «Бота» Қоғамдық Қорының қолдауымен ашылды, ал 2013 жылдан бастап  жобаның бас серіктесі «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры болды.

Еліміздегі балалардың бос уақытын ұйымдастыру - өткір және маңызды мәселелердің бірі, ол «осында және қазір» деген шешімді талап етеді. Ең бастысы, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау. Қоғамның әр түрлі құрылымдарымен бірлесе жұмыс атқарған кезде ғана мәселені шешуге болады. Аулалық клубтың жаңа моделі барлық отбасы үшін жобаның тиімділігі мен нәтижелілігін көрсетеді. 

Бағдарлама:

- балалардың арт-терапия мен халықтық-қолданбалы өнер үйірме жұмыстарының көрмесі;

- клубтар арасында шахматтан турнир өткізу;

- үйірмелер арасында зымырандар мен ұшақтарды ұшыру жарысы;

- команданың ұйымшылдығына ойындар; флешмоб; интерактивті ойындар;

- ұйымдастырушылар мен жобаның демеушілерінен, қонақтар мен әріптестерден құтықтау сөздері;

- «Замандас» аула клубының үйірмелерге қатысушыларынан концерт;

- шахмат турнирінің қорытындысы бойынша жеңімпаздарды, клубтың белсенді балаларын, ата-аналарды марапаттау. Жүлделер мен грамоталарды тапсыру;

- демеушілерден «Тәтті сыйлық». Сағат 14.00-де балмұздақ тарату.      

Добавить комментарий