ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«SAMRUK-KAZYNA TRUST» қорының қолдауымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» филиалдарының 3 оқушысы 11-12 сыныпта оқуын Сингапур қаласында жалғастырады.

26/04/2016

Сәуірдің 24 күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» филиалдарының 10-сынып оқушылары арасында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы тарапынан берілген білім алу гранттары бойынша өткізілген байқауының қорытынды кезеңі аяқталды. Қорытынды үшінші кезең сәуірдің 23-24 жұлдыздарында Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұйымдастырылды. Білім алу гранттарын тағайындау процедурасын жүзеге асыру үшін Астана қаласына арнайы сапармен Сингапурдағы UWCSEA колледжінің қабылдау комиссиясының төрайымы Джонатан Картер және колледж негізіндегі интернат меңгерушісі Габриель Абад келді.

Жоба аясында байқау жеңімпаздары 2016-2017 және 2017-2018 оқу жылдары аралығында 11-12 сыныпта оқуын Сингапурдағы Оңтүстік-Шығыс Азия Бірлескен Дүниежүзілік колледжіне (UWCSEA) жалғастырады.

Байқау 2016 жылы ақпан айында басталған болатын. Білім сайысына «Назарбаев Зияткерлік мектептері» филиалдарының 10-сынып оқушылары қатысты. Байқау барысында үміткерлер үш кезеңнен өтуі қажет болды. Алғашқы кезең кешенді сынақ ретінде өтіп, математика, ағылшын тілі сынағы және өзара түсіністік деңгейі мен абстрактілі ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтауға арналған (Differential Aptitude tests) тапсырмаларын қамтыды. Бұл сынаққа 113 оқушы қатысып, 31 оқушысы екінші кезеңге жолдама алды.

Наурыз айының 14-ші жұлдызында өткен екінші кезеңінде, ереже бойынша тапсырыс берген үміткерлер Сингапурдағы Оңтүстік-Шығыс Азия Бірлескен Дүниежүзілік колледжі ұсынған эссе және «Не себепті мен UWCSEA колледжіне түсуім қажет?» тақырыбында мотивациалық хат жазды. Колледж комиссиясының шешімі бойынша 12 бала байқаудың үшінші кезеңіне өтті.

 «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы тарапынан «Назарбаев Зияткерлік мектептері» филиалдарының 10-сынып оқушылары арасында Сингапурдағы Оңтүстік-Шығыс Азия Бірлескен Дүниежүзілік колледжіне (әрі қарай – UWCSEA) 2016-2017 және 2017-2018 оқу жылдарында 11-12 сынып оқушыларына берілген білім алу гранттары бойынша байқауының ІІІ кезеңінің қорытынды нәтижелері.

ІІІ кезеңнің бірінші күнінде колледж өкілдері оқушылармен кездесіп, білім мекемесі жайлы кішігірім бейнероликтерін көрсетіп шықты. Әрі қарай UWCSEA өкілі әр үміткермен жеке сұхбат жүргізді. Ал екінші күні ережеге сай оқушылар Халықаралық Бакалавриат жүйесі аясында өзі таңдап алған пән бойынша дайындаған презентациясын қорғап шықты.

Толық екі күн ішінде балалармен бірге ой-пікірлерімен алмасып, сұхбаттасып, түрлі дамытушы жаттығулар жасалды. Нәтижесінде комиссия мүшелері үміткерлердің жоғары білім деңгейін, алға қойған нақты мақсаттары бар, дарындылығын, әрдайым ізденіп, білімге құштарлығы ерекше екендігін атап өтіп, жеңімпаздарды анықтау кезеңі өте қиын болғанын растады.

Байқаудың қорытындысы бойынша 90-нан астам ұлт өкілдері білім алатын Дүниежүзілік колледжге жолдама алған жеңімпаздар тізімі келесідей:

1. Талипова Ардақ, Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;

2. Жомартқызы Айжан, Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы мектебі;

3. Шумаков Валентин, Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы мектебі.

Сингапурдағы Оңтүстік-Шығыс Азия Бірлескен Дүниежүзілік колледжінің үміткермен резерв құрамына кіретін оқушылар:

  1. Бақытбайқызы Айым, Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы мектебі;
  2. Махамбет Азамат, Шымкент қ. физика-математика бағытындағы мектебі.

Маусым айында грант иегерлері Сингапур қаласына бағдарлы апталық аясында сапар шегеді. Ал тамыз айынан бастап UWCSEA  колледжінде оқуын бастайды. Оқу соңында оқушылар Сингапурдағы Оңтүстік-Шығыс Азия Бірлескен Дүниежүзілік колледжінің Халықаралық Бакалавриат бағдарламасына сай дипломын алып оралады.

Анықтама:

«Samruk-Kazyna Trust» - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры компаниялар тобы қолдаған әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. Қордың жұмысы Қазақстан Республикасында өзекті және әлеуметтік жағынан мәнді мәселелерге бағыттылған қайырымдылық және әлеуметтік-маңызды бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға негізделген.

Добавить комментарий