Жылдық есеп

«SAMRUK-KAZYNA TRUST» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРДЫ ДАМЫТУ ҚОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ

Есеп жүктеу

2020 ЖЫЛДЫҢБАСТЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

30 БАРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛЕРІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ ЖОБА
115 000 БЕНЕФИЦИАР

Денсаулық сақтау

Қазақстан өңірлеріне жабдықтарды, вирусқа қарсы препараттарды және жедел жәрдем автомобильдерін жеткізу бойынша жоба

50 ӨЖЖ аппараты, 250 оттегі концентраторы, 1000 пульсоксиметр, «Авифавир» препаратының 3 000 қаптамасы, Chevrolet Damas маркалы 92 санитарлық машинасы берілді.

Covid-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды қолдау жобасы

Халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1 400 000-ға жуық қорғаныс маскалары, сондай-ақ ҚР ІІМ бөлімшелерінің қызметкерлеріне арналған 900 000-нан астам маскалар берілді.

ПТР тестілерін өту үшін құрал сатып алу жобасы

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ базасында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында ПТР тестілерін өткізуді қамтамасыз ету, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан 200-ге жуық азамат жыл сайын ПТР тестілеуінен тегін өте алады.

«Басқарылатын гипотермия» жобасы

Балалардың мерзімнен бұрын қайтыс болу қаупін диагностикалауға немесе туылған кезде мүгедектіктің ауыр түрлерімен дамыған балаларға және оларды уақытылы емдеуге бағытталған. Жоба шеңберінде Tecotherm аппараты мен ЭЭГ мониторы сатып алынып, Қарағанды қаласының Облыстық клиникалық ауруханасына берілді.

«Балаларға өмір сыйла» жобасы

Қазақстанда емделмейтін диагноздары бар балаларға көмек көрсетуге бағытталған.

Аутистік спектрдегі ауытқуы бар балаларға оңалтуды ұйымдастыруға бағытталған «Аутизмді жеңеміз» жобасы

Қазақстанда емделмейтін диагнозы бар 140-тан астам бала жоба аясында көмек алды, аутизмі бар 66 бала тұрақты түрде ем алуда.

Мүгедек балаларға арналған оңалту орталықтарын құру жөніндегі жоба

Қазақстанның 7 өңірінде7 оңалту орталығы және Түркістан қаласында бір катамнестикалық кабинет ашылды.

«Дені сау балалар» жобасы

Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында аз қамтылған отбасылардан шыққан БЦП диагнозы бар балаларды оңалту (3 орталық). БЦП диагнозы қойылған 1300 бала тегін оңалтудан өтті. Оның ішінде 707 бала қызметті онлайн, тағы 593-ы оффлайн алды.

Проект «Көңілді балақай»

Открыт реабилитационный центр для детей с особыми потребностями в г. Жанаозен, оснащенный 25 видами медицинского оборудования. Охват - порядка 600 детей в год.

Білім беру және кәсіптік бағдар

«Отбасылық аула клубтары – балалар мүддесі үшін қозғалыс» жобасы

Нұр-Сұлтан қаласындағы 2 455 бала 5 аула клубтарында онлайн және оффлайн форматта спорт және білім беру секцияларына қатысады.

Қазақстан Республиканың инклюзивті қоғамының қалыптасуына елеулі көмек көрсету жөніндегі жоба

Аутизм спектрінде бұзылуы бар 203 балаға Нұр-Сұлтан мен Ақтөбе қалаларының ойыншықтар дүкенінен жаңа жылдық сертификаттар табыс етілді.

«Әр-алуан, бірақ тең»

3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды, оның шеңберінде 300-ге жуық бала түзету көмегін алады (Түркістан облысы Қарабұлақ кенті, Жамбыл облысы Қордай кенті, Қостанай облысы Арқалық қаласы). Мектеп кезеңінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 169 баланы сүйемелдеу үшін 7 ресурстық орталық ашылды (Степногорск, Семей, Қостанай, Петропавл, Алматы, Арқалық қалалары мен Жамбыл облысы Қордай ауылы).

«Қара сөздер» жобасы

Абайдың 175 жылдығы аясында балалардың суреттерімен иллюстрацияланған «Қара сөздер» атты жаңа басылым жарық көрді. Кітаптың 5 000 данасы республиканың Білім басқармасына берілді.

Инклюзияны қолдау кабинеттерін құру бойынша жоба

Еліміздің 8 өңірінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған8 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды.

Халықтың осал әлеуметтік топтарын қолдау саласы

«Саламатты болашақ» жобасы

Бейімделген спортты дамыту.
Ерекше қажеттіліктері бар 600 бала Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Ақсу, Шымкент, Арал, Қарағанды қалаларында және Жаңаарқа ауданында бейімделген спорттың 9 түрі бойынша 54 спорт секциясына барады.

«Lider Z» жобасы

Мүгедектігі бар адамдарға арналған кәсіби онлайн-мектеп.
Мүгедектігі бар 70 адам компьютерлік сауаттылық дағдыларына және IT саласындағы сұранысқа ие мамандықтарға оқытылды.

SOS Балалар ауылдары жобасы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Теміртау қалаларындағы SOS Балалар ауылдары базасында балалар мен отбасыларды қолдау орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағытталған Балалар мен отбасын қолдау орталығы жобасы. 1 040 бенефициар орталықтарда әлеуметтік көмек алды.

«Жеңіс» жобасы

ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін қолдау бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының әлеуметтік-қайырымдылық жобасы. 4 315 волонтерлік рейд жасалды, оның шеңберінде 1 867 ҰОС ардагері мен тыл еңбеккерлері қамтылды.

«Қордай ауданындағы 40 тұрғын үйді қалпына келтіру» жобасы

Жамбыл облысы Қордай ауданында ақпан айындағы тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен 40 тұрғын үй нысаны қалпына келтірілді.

Өңірлерді кешенді дамыту

«Дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу және жарақтандыру» жобасы

Жамбыл облысы Қордай ауданы Алжан ана кентінде жалпы ауданы 1400 шаршы метрден астам дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды.

Бұқаралық спортты дамыту саласы

«SportFest Kazakhstan» республикалық мектеп спартакиадасын өткізу» жобасы

Алдағы уақытта 7 000 оқушы қатысатын республикалық спартакиада ұйымдастыру жоспарлануда. Карантин уақытына дейін Жамбыл және Атырау облыстарында өңірлік іріктеу турнирлері өткізіліп, 627 қатысушы қамтылды. Іс-шаралар елдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін жалғасын табады.

«4 әмбебап спорт және ойын алаңдарын орнату» жобасы

Нұр-Сұлтан қаласында 4 әмбебап спорт және ойын алаңдары орнатылды.

Экология саласы

«Пластиктен таза Қазақстан» жобасы

6 млн адам үшін экологиялық сауаттылықты арттыру және пластикті тұтынуға төзімділікті қалыптастыру туралы ақпараттық науқан жүргізілуде.

Имидждік жобалар

«Samruk Business Forum» форумы» жобасы

Форум ҚР Премьер-Министрі және «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының қатысуымен өткізілді. Форумға 70-ке жуық адам қатысты.

Біз медиа өрісте

~800 бұқаралық ақпарат құралдарында жуық материал тегін жарияланды
>115 000 Әлеуметтік желілерде корпоративтік қордың белгілемелері тіркелді