
Бүгінгі күні фандрайзинг тақырыбы өте танымал. Коммерциялық емес ұйымдар үшін сауатты фандрайзинг қандай да бір жобаларды іске асыру үшін қаражат жинауда көмекші бола алады.
«Фандрайзинг» терминімен таныс емес адамдар үшін түсіндіреміз. Бұл ұғым ағылшын тілінен «fundrising» яғни ақша жинау, оған өзге ұйымдар мен инвесторларды тарту дегенді білдіреді. Бірақ салынған соманы қайтару және табыс табуды көздейтін инвестицияларға қарағанда, фандрайзингта ақша қайтарусыз аударылады. Сондықтан оның негізгі мақсаты - қайырымдылық және коммерциялық емес жобаларды қолдау.
Табысты фандрайзер болудың тамаша әдісі жоқ. Бірақ жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болатын ережелер бар. Біз фандрайзинг бойынша әлем сарапшыларының кеңестерін жинадық, олар сізге осы саланы ұғынуға және өз жобаларына қаражат тартуға көмектеседі.
1. Донорға ақша алу мақсатында емес, көмектесу мақсатында бару. Сіз қаражат сұрайтын ұйым сізді сұраушы емес, серіктес ретіндекөру керек. Сондықтан орнына не бере алатыныңыз туралы әрдайым анық түсінуіңіз қажет. Мысалы, бұл донор брендін жылжыту немесе қызметкерлерді оқыту болуы мүмкін.
2. Донорлар туралы ақпаратты жүйелеу. Жұмысты жеңілдету үшін донор туралы барлық ақпарат: басшылар мен қызметкерлердің мекен-жайлары, байланыстары, тегі мен аты-жөні (мысалы, әлеуметтік жобалар үшін жауап беретіндер) және т.б. көрсетілетін деректер базасын құруға болады. Осылайша сіз донор компанияға жеке көзқарас таңдай аласыз.
3. Өзіңіз туралы мәлімдеуден қорықпаңыз. Өзіңіз туралы айту керек, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу немесе әлеуметтік желілердегі жарияланымдар арқылы танымалдықты арттыру керек. Әдетте, кім естігенін немесе оқығанын білетін адамдарға сенім артады. Әлеуетті серіктестермен және пайдаланушылармен жұмыс істеу кезінде өз іс-әрекеттерін көрсету, өз жобаларына әлеуметтік көрініс бере отырып, ол туралы аудиторияға айту өте маңызды.
4. Алғыс айту үшін жомарт болу. КЕҰ-да алғыс айту мәдениеті болуы керек. Шын жүректен алғыс айтуды қалау мен қабілеттілік кез-келген қызметкердің табиғи күйі болуы керек. Көмек үшін алғыс айту керек, тіпті алғыс қажет емес деген жағдайда да. МБар болғаны мұны ұстамды түрде жасау керек. Жағдайға қарай сіздің ұйымыңыздың ризашылық білдіруі де артуы керек.
5. Әдепті жұмыс істеу. Адал болыңыз, заңдарды сақтаңыздар, қиын жағдайлардан шығудың лайықты шешімдерін іздеңіз, өзіңізді және басқаларды құрметтеңіз, сенімді сақтаңыздар. Ресей фандрайзерлер қауымдастығы халықаралық тәжірибе негізінде фандрайзерлердің Этикалық кодексін әзірледі. Өкінішке орай, Қазақстанда мұндай кодекс әлі жоқ, бірақ осы Кодексте сипатталған ережелер барлығы үшін әмбебап. Онда қиын, бірақ өте қажетті және қызықты жұмыс – фандрайзингпен айналысатындар кездесетін күрделі сұрақтарға жауап табуға болады.