
«Әлеуметтік кәсіпкерлік» деген мамандық біздің білім ордаларымызда оқытатын мамандықтар тізіміне енгізілмеген. Бұл бағытта білім алу үшін адамдарға өздігінен іздену қажет. Дегенмен, ғаламтордың дамыған заманында әлеуметтік кәсіпкердің біліктілігін арттыруға арналған түрлі оқу бағдарламалары қолжетімді.
Келесі тізімде әлеуметтік кәсіпкерлікті тегін негізде қолдайтын білім беру платформасы - Kislorod.io ұсынған оқу курстарымен бөлісеміз.
1. Визиттік карточкадан да артық: сайт - фандрайзер көмекшісі. Вебинар типтес сабақта сіз коммерциялық емес ұйымдардың жұмысында сайтты қолданудың тиімді тәсілдерімен танысатын боласыз. Бұл курс сайты бар және оны «ілгерілету» керек ұйымдарға да, сайтты енді құру туралы ойланып жүргендерге де қолайлы.
2. Коммерциялық емес ұйымдарды дамытуға арналған «Тас. Қайшы. Қағаз» стратегиясы - ұйымның ішкі жұмысына қатысыт қадамдармен көрсетілген жұмыс жоспары. 3 блоктан тұратын оқу курсын әлемнің 300-ден артық КЕҰ-на кеңес беріп жүрген сарапшы Виктория Щёлкова жүргізеді.
3. КЕҰ қызметкерлерінің жеке брендін дамыту курсы - бұл коммерциялық емес сектордың барлық қызметкерлері, қауымдастықтар көшбасшылары, әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған вебинарлардың арнайы сериясы. Бұл курста маңызды фандрайзинг құралы ретінде жеке брендтің дамуы туралы қажетті ақпаратты ала аласыз.
4. Фандрайзерді табу, оқыту және ұстап қалу - үш вебинардан тұратын микро-курста әрбір вебинар кезінде тыңдаушылар үй тапсырмасын алады, оны келесі кездесуге дейін бір апта ішінде орындау қажет болды. Вебинарлардың бұл сериясы тек нәтижеге бағытталған адамдар және оқуға дайын адамдар, тағылымдамалар мен аттестаттау жүйесін құруға дайын адамдар мен қызметкерлерді жалдаудан және олармен араласудан қорықпайтын адамдар үшін.
5. Алғашқы қайырымдылық дүкенін ашу және пайда табу - қайырымдылықтағы ерекше дүкендер жайында. Бұл курс әлеуметтік және экологиялық сектордарға,қарапайым бизнес-идея іздеген және бастапқы капиталы жоқ болашақ кәсіпкерлерге, әлеуметтік бизнеске көзқарасты өзгертуді қалайтындарға, әлеуметтік қоймалардың негізін қалаушыларға және қажетсіз заттарды жинап, оларды мұқтаждарға тарататын адамдарға арналған таптырмас курс.
Жоғарыда көрсетілгеннен өзге де курстармен, вебинарлармен, подкаст сияқты пайдалы материалдармен Kislorod.io платформасында таныс бола аласыз.