«Туған елге саяхат» балалар патриоттық-танымдық пойызының жаңа маусымының басталуына орай, 10-15 жас аралығындағы балалардан «Өз өңірімді өркендеткім келеді» тақырыбында шығармалар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.

24/05/2023


Бір қатысушы бір туынды ғана жібере алады.Үздік жұмыстарды арнайы құрылған қазылар алқасы анықтайды.
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қаржылай қолдаған жоба барысында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген балалар жазғы демалыс уақытында еліміздің көрікті жерлеріне саяхатқа аттанып, бес қаланың туристік аймақтарын аралау мүмкіндігіне ие болады.
Бұл үшін «Өз өңірімді өркендеткім келеді» тақырыбында шығарма жазып, оны poezd2023@list.ru электрондық поштасына 10 маусымға дейін жолдау қажет.
Толық ақпаратты sk-trust.kz сайтынан және жобаның әлеуметтік желідегі парақшаларынан немесе 8 71 72 604599, 8 775 142 66 82 нөмірлерінен білуге болады.

Comments are closed.