«Самұрық-Қазына» қорының ерекше балаларға арналған лагерінің бесінші маусымы басталды

18/09/2023

Шығыс Қазақстан облысындағы 266 балаға арналған сауықтыру-демалыс лагерінің төрт маусымы аяталып, 17-21 қыркүйек аралағында бесінші кезең басталды. Жалпы балалардың ата-аналары да қатысатын экологиялық лагерь жеті маусымды қамтиды.

Осылайша әр маусымда 38 ерекше бала мен 38 ата-ана қабылданады. Бұқтырма су қоймасының бойында орналасқан демалыс орындарының бірінде балалар ата-аналарымен бірге 5 күн бойы демалатын болады.  

Атап өту керек, өңірдегі пилоттық жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан қайырымдылықтың бірыңғай операторы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы қолдау тапты.

Демалыс барысында әр отбасына жеке жазғы үй, күніне бес рет тамақтану ұсынылады. Бағдарламада әр баланың жағдайын ескере отырып, әлеуметтік және медициналық іс-шаралар қарастырылған.

Жоба маңызды әлеуметтік бағытқа ие. Біріншіден, ерекше балалары бар отбасылар үшін демалу мүмкіндігі. Екіншіден, бұл балаларға қоғамда өз орны мен достар табуға тамаша мүмкіндік. Ата-аналар демалыс кезінде міндетті түрде балалардың қасында болатын мамандармен тікелей кеңесіп, басқа қатысушылармен тәжірибе-білім бөліседі.

«Шығыс Қазақстан облысында ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы жабдықталған демалыс орындарының жоқ екені анықталды. Осы мақсатта жоба Қамқоршылық кеңес өкілдері  тарапынан қолдау тауып, ары қарай осы шаралар ұйымдастырылды», - деді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.

«Біздің балаларымызды назардан тыс қалдырмай ерекше демалыс ұйымдастырған демеушілерге айтар алғысымыз шексіз. Мұнда балаларға ұнап жатыр. Көздеріндегі қуанышты көріп, біз де бір жадырап қалдық», - деп әсерімен бөлісті ерекше баланың анасы Анна Шарапова.

Айта кету керек, лагерьге дефектолог, дене шынықтыру-сауықтыруы мұғалімі және музыка жетекшісі секілді бағыттарда мамандар жұмылдырылды.   Лагердің қыркүйек айының соңы дейін жалғасатын болады.

Пікір үстеу