ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен Ақмола облысының 50 тұрғыны тегін кәсіпке үйренеді

10/11/2023

Қазақстандықтарға қаржылық сауаттылық пен сұранысқа ие кәсіптерге үйрететін «Табысты отбасы» жобасы Ақмола облысында басталады. Кешенді жобаның мақсаты - халықтың ең осал топтарының өкілдері, оның ішінде көбалалы және аз қамтылған, жалғызбасты, ерекше қажеттіліктері бар балалар тәрбиелеп отырған отбасылар мен жастарға шағын бизнес бастауға қолдау көрсету. Оқу аяқталғанған кейін жоба түлектеріне өз кәсібін бастау үшін 517 500 теңгеге құрал-жабдықтар беріледі.

«Samruk-Kazyna Trust» қоры қаржыландыратын пилоттық жоба ел арасында өз жұмысын былтыр бастады.

«Өткен жылы Қор тарапынан қолдау тапқан пилоттық жоба белгілі бір деңгейде өз нәтижесін көрсетіп, биыл Ақмола өңірі ауқымында тиісті бастамаға демеушілік жасауға шешім қабылдадық. Әр отбасының қаржылық тұрақтылығы мен сауаттылығы, құзыреті – бүкіл елдің оң ахуалына септігін тигізетіні анық. Сәйкесінше халық арасында жұмыссыздық азайып, әркім өз кәсібін үйде отырып-ақ дөңгелетіп әкетіп кетсе дейміз. Баршаңызға бірлесе кіріскен қадамда табыс тілеймін!», - деді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.

Жоба аясында тәжірибелік және шеберлік сабақтары, сондай-ақ «Цифрлық дағдылар», «Азық-түлік өндірісі», «Сұлулық индустриясы» және «Ер азаматтарға арналған кәсіптер» сынды төрт бағыттың бірі бойынша мамандандырылған оқыту қарастырылған. Ақмола облысы бойынша барлығы 50 тұрғынды оқыту жоспарлануда. Қажетті тізім әкімдік арқылы қалыптастырылады.

Айта кетейік, жобаның пилоттық нұсқасы 2022 жылдың 1 желтоқсанында іске қосылып, Ұлытау, Абай, Жетісу, сондай-ақ Түркістан және Ақтөбе облыстарында сәтті жүзеге асырылды. Жобада барлығы 300 қазақстандық оқытылып, олар шағын бизнестерін дамыту үшін құрал-жабдықтар алды. Игерген білімдері мен дағдыларының арқасында қатысушылар кондитерлік және тігін цехтарын, сұлулық салондарын ашу арқылы кәсібін кеңейтті.

Добавить комментарий