ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Samruk-Kazyna Trust» Қамқоршылық кеңесі 2 жобаны мақұлдады

05/10/2022

Қамқоршылық кеңестің бүгінгі отырысында өңірлердегі ҮЕҰ өкілдері тарапынан ұсынылған 3 жоба қаралды. Өтінімдерді кеңес мүшелері жан-жақты зерделеп, оның ішінде екеуі қолдау тапты.  

Сонымен, алдағы уақытта: 

1. Жамбыл облысы Тараз қаласының «Үміт» мамандандырылған балалар үйінде спорт алаңы салынса;

2. Маңғыстау облысында балаларға футбол, баскетбол, волейбол және басқа да спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік беретін, халықтың рухани және дене саулығын нығайтатын 21 спорт алаңы бой көтереді.

Осы орайда Қор кез-келген ұсынысқа, сындарлы сын-пікірге ашық екенін еске саламыз. Өңірлердегі үкіметтік емес ұйымдардан еліміздің ең шалғай жерлеріндегі адамдардың өмірін қалай жақсартуға болатыны туралы қызықты идеялар күтеміз.  

Сонымен қатар, ҮЕҰ өкілдері сұрақтары болған жағдайда жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін +7 (7172) 57-68-98 нөмірі арқылы жедел желіге хабарласа алады немесе электронды поштаға хат жазуға болады: info@sk-trust.ibitrix.kz. 

sk-trust.ibitrix.kz ресми сайтында қайырымдылық жобаларын қаржыландыруға өтінім беруге болады. Сайтта өтінім беру тәртібіне қатысты бейненұсқаулық қарастырылған.

Добавить комментарий