31/07/2024

Бюджеті: 137 472 505 тг
Іске асыру мерзімі: 2024 жылдың шілдесі мен 2025 жылдың мамыры
Қамтылған өңір: Астана қаласы
Серіктес: «QAMQOR INCLUSIVE» қоғамдық қоры
Мақсаты: Елордадағы мектептер 5 инклюзияны қолдау кабинетін ашу, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жағдай жасау.
Мақсатты топ: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың ата-аналары, мектеп ұстаздары мен мамандар
Нәтижесі: Астана қалалық Білім басқармасымен бірлесіп таңдалған 5 мектепте 5 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Мектептер тізімі:
1. «№65 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2. «№61 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
3. «№32 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
4. «№90 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
5. «№52 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Таңдалған мектептердегі кабинеттердің тұжырымдамасын «Samruk-Kazyna Trust» қоры сарапшылармен бірлесіп жетілдірді.
Инклюзия қолдау кабинеттерінің ерекшеліктері:
- инклюзияны қолдау бөлмесі және емдік жаттығу залынан тұрады;
- 1 кабинеттің ауданы 60 шаршы метрден кем емес;
- Инклюзияны қолдау кабинеттерінде open space форматында психолог, логопед, арнайы білім берумұғалімдеріне арналған жеке аймақтар және қыш шеберхасына арналған аймақ бар;
- Денешынықтыру емдік кабинеті қажетті спорт құрал-жабдықтарымен жабдықталған.
5 мектепте 238 ерекше білім беруді қажет ететін балалар инклюзивті біліммен қамтылды.
Comments are closed.