ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

XVII Еуразиялық Медиа форумды ұйымдастыру және өткізу

02/08/2022

КФ «Международный Фонд «Евразийский Медиа форум»

Жоба объективті  әлемдік көшбасшылардың қазіргі заманның өзекті мәселелеріне жан-жақты көзқарасын баяндауға негізделген ойын мәніндегі әлеуметтік-экономикалық және геосаяси оқиғаларды талқылау үшін Орталық Азиядағы бірегей ашық диалог алаңын ұйымдастыруға бағытталған.   

І. 2021 жылғы 15-17 қыркүйекте Нұрсұлтан қаласында Назарбаев орталығында XVII Еуразиялық Медиа Форум өтті.

1) форумға әлемнің 23 елінен делегаттар, 80-нен астам халықаралық және қазақстандық сарапшылар, 55-ке жуық БАҚ және блог саласының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, іс – шара 3 200 – ден астам қатысушы-тыңдаушылардың қатысуымен өтті (200-ден астам-офлайн, 3 000-нан астам-онлайн);

2) 3 дөңгелек үстел, 8 панельдік сессия, 7 мастер-класс ұйымдастырылды;

3) Форум сессиялары аясында әлемнің 25 елінен 77 адам сөз сөйледі;

4) бейне контенттің 7 түрі дайындалды: компьютерлік графиканың жалпы пакеті, негізгі бейнесаставка, мастер-класстарға арналған тақырыптық бейнесаставалар, сессияларға арналған тақырыптық бейнесаставалар, спикерлерге арналған визиткалар( онлайн және офлайн трансляциялар үшін), басты экранға арналған задник және отырыс залдарындағы экрандарға арналған фондар, фойедегі экрандар;

ІІ. Жергілікті және халықаралық деңгейде ақпараттық жария ету жүзеге асырылды:

1) қазақстандық және шетелдік БАҚ-та 440-қа жуық жарияланым орналастырылды;

2) Сайтта өткізілген Еуразиялық Медиа форумдар шеңберінде барлық сөз сөйлеулер мен мастер-кластардың бейнежазбалары жарияланды http://eamedia.org/ru/.

 

 Instagram - https://www.instagram.com/eurasianmediaforum/ 

 Facebook - https://www.facebook.com/eamedia.org 

Twitter - https://twitter.com/EAMediaForum 

Telegram - https://t.me/EAMF2021 

YouTube - https://www.youtube.com/channel/UCnYXdx9jTLo5W-hUJM9sASw

Comments are closed.