25/02/2025

Бюджеті: 74 149 438 тг
Іске асыру мерзімі:
Қамтылған өңір: Астана қаласы
Серіктес: «Velolegend» жеке мекемесі
Мақсаты: Менталдық және қимыл-қозғалысы бұзылған балалар үшін велоспорт бойынша тегін сабақтарды өткізу
Мақсатты топ: аутизмі бар және басқа да менталдық, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен олардың ата-аналары, бапкерлер
Нәтижесі: Елімізде тұңғыш рет Астана қаласындағы 30 ерекше баланың тұрақты түрде велоспортпен айналысуына мүмкіндік жасалды. Олар кәсіби жаттықтырушылармен бірге велоспортпен шұғылданады.
30 бала заманауи велосипедтермен, арнайы киімдермен және жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сонымен бірге балаларды тасымалдау үшін арнайы автокөлік сатып алынды. Велоспорт аутизмі бар балалардың күш-қуаты мен төзімділігін, эмоционалдық көңіл-күйін жақсартып қана қоймай, қоғамда әлеуметтенуіне зор септігін тигізуде.
Секция қатысушыларының бірі - Дастан Ордабай Францияда 13-14 қыркүйекте өткен Virtus Cycling Open Time Trial-ға қатысып, 17,3 км қашықтықта жеке уақыт жарысының ІІ-3 санатында (аутизм спектрінің бұзылуы) күміс жүлдені жеңіп алды. Сонымен бірге 10 тәрбиленуші велоспорт бойынша Астана қаласының құрамасының мүшесі атанып отыр.
Comments are closed.