ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

ТУҒАН ЕЛГЕ САЯХАТ

29/03/2024

Бюджеті: 259 371 918 тг

Іске асыру мерзімі: 2024 жылдың мамыры мен тамызы

Қамтылған өңір: Қазақстанның барлық аумағында жүзеге асырылады

Серіктес: «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры

Мақсаты: Туристік пойыз ішкі туризмді, Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасын танымал етуге бағытталған. Басты мақсат – балалар мен жасөспірімдерді еліміздің табиғи, тарихи және мәдени әртүрлілігімен таныстыру.

Мақсатты топ: су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі балалар және «Самурық-Қазына» АҚ компаниялар тобының шалғай аудандардағы өндірістік кәсіпорындары жұмысшыларының балалары

Нәтижесі: Жобаға 400 бала қатысты, оның 200-і су тасқынынан зардап шеккен балалар және 200-і «Самурық-Қазына» АҚ компаниялар тобының шалғай аудандардағы өндірістік кәсіпорындары жұмысшыларының балалары.

Астана – Бурабай – Алматы – Тараз – Түркістан – Байқоңыр бағыты бойынша екі тур ұйымдастырылды.

Саяхат барысында балалар  жаңа орта тауып, қарым-қатынас орнатып, бірлескен іс-шараларға қатысып, тәжірибе алмаса алды.

Қатысушылардың Қазақстан тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығы артты, бұл сауалнамалардың нәтижелері мен әлеуметтік желілерде жарияланған қатысушылардың кері байланыстарымен расталады.

Сонымен бірге, жобаның тәрбиелік-мазмұндық жағына ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия атсалысты.

Экскурсиялар, интерактивті сабақтар, мәдени шаралар арқылы балалардың патриоттық рухы шыңдалып, ой-өрісі кеңейді. Білім беру мекемелері, туристік ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардың ынтымақтастығы кеңейіп, жаңа әлеуметтік-мәдени бастамаларды жүзеге асыруға негіз жасалды.

Comments are closed.