ТҮРКІСТАНДА А. НҰРМАХАНОВ АТЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДАЛЫҚ РЕЗЕРВТЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ СПОРТ КЕШЕНІН ЖӘНЕ 320 ОРЫНДЫҚ ҚОСЫМША ҒИМАРАТ САЛУ. ТҮЗЕТУ
25/02/2025

Бюджеті: 500 000 000 тг
Іске асыру мерзімі: 2024 жыл
Қамтылған өңір: Түркістан қ.
Серіктес: «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры
Мақсаты: Түркістан қаласындағы балалар мен жастардың дамуына үлес қосу, жергілікті спортшыларды жаттықтыру, жарыстарды өткізу мен жаттығу үшін заманауи спорт нысанын ашу
Мақсатты топ: спортшылар, бапкерлер, тұрғындар
Нәтижесі:
Кешен 2024 жылдың желтоқсанында «Самұрық-Қазына» қорының және облыс әкімдігінің қолдауымен ашылды. Осылайша Түркістан облыстық спорт мектебі жаңарып қана қоймай, оған Олимпиада чемпионы, қазақ боксының аңыз тұлғасы Бекзат Саттархановтың есімі берілді.
Дүбірлі додаларды өткізуге арналған спорт нысанында 320 көрерменді сыйдыратындай үлкен зал мен бірнеше жаттығу алаңы ашылды. Бұған дейін, аталған мекемеде 1500-ден аса спортшы жаттығып, 75 бапкер жұмыс атқарса, енді олардың қатары көбейе түсетіні көзделуде.
Comments are closed.